Дәл қазіргі шақ әлем үшін де, Қазақстан үшін де көз ілеспес жыл дамдықпен жүйткіп жатқан интенсивті кезең екенін ешкім де жоққа шығара алмаса керек. Жыл басында елімізде болған қаңтар оқиғасы туралы осы кітапты жазу барысында елдегі оқиға лар тізбегіне үлгерудің өзі қиын болғанын жасыра алмаймыз. Айналдырған жарты жылдың ішінде қаншама саяси және экономикалық жағдайлардың куәсі болдық. Олардың біразын осы туындының үшінші бөлімінде қамтып, қарастыруға да тырыстық.

Ал мына қорытынды тарауда сол оқиғалардың заңды жалғасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы егжей-тегжейлі айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Мемлекет басшысы бұл саяси маңызды науқанды 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, халыққа арнаған үндеуінде бетбұрыс кезең «елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетінін» атап керсетті. Президент, сондай ақ, сайлаудың қатаң түрде заңға сәйкес өтетінін айтып, барша халықты азаматтық жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіпті қатаң ұстануға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент мандаты ұзақ тығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынғанын сарапшылар қазіргі әлемдік және өңірлік сын-қатерлер мен байланыстыруда. Парламенттің бірлескен отырысы өтіп, депутаттар аталмыш саяси бастаманы бір ауыздан қолдады. Бұл тағдыркешті қадам еліміздің демократия жолына түсінуде ерекше рөл атқаратыны сөзсіз. Жолдауда Қ.Тоқаев өз ойын анық білдірді: “Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады”.

Осыған орай қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасында бірнеше мәселе қаралды. Соның ішіндегі ең маңыздысы – Президенттік өкілеттікті 7 жылдық бір мерзіммен шектеу мәселесіне тоқталсақ.

Аталмыш бастаманың басты артықшылықтарын неден көруге болады?

Ең алдымен айтарымыз, Мемлекет басшысы айтып өткендей, “7 жыл – кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең”. Оның үстіне, Президент мандатын бір мерзім мен шек теу Мемлекет басшысының жалпы ұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге белсене кірісуіне жол ашады.

Оған қоса, қабылданған осы конституциялық жаңалық билікті монополизациялау қаупін айтарлықтай азайтады. Себебі, мемлекет тізгінін ұстаған адамның қайта сайлануға үміті болмайды. Сондықтан да бүкіл күш жігерін өзіне берілген жалғыз мүмкіндікке арнап, мемлекеттің мүддесі, халықтың қамы үшін игі істер атқаруға тырысатыны сөзсіз.

Жалпы президенттік өкілеттікті бір мерзіммен шектеу – әлемде бар тәжірибе. Мысалы, Оңтүстік Кореяда ел басшысы 5 жылдық бір мерзімге ғана сайлана алады. Одан кейін қайтадан саяси бәсекеге түсуге құқығы жоқ. Аталған мемлекетте бұл жаңалық 1987 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін қабылданды. Содан бергі 35 жылда 8 президент ауысып үлгерді.

Сонымен өкілеттігін қатар президент бір мерзіммен шектеу тәртібі Латын Америкасында да көптеп кездеседі. Колумбияда мемлекет басшысы 4 жылға бір-ақ рет сайлана алады. Сальвадор мен Парагвайда бұл көрсеткіш – 5 жылдық мерзім. Мексика президенті бір рет ғана 6 жылға сайланады. Керек десеңіз, бұл қызметті уақытша атқарған саясаткер де мұндай шектеуден қашып құтыла алмайды. Sexenio деп аталатын бұл бастаманың қабылданғанына ғасырға жуық уақыт болып қалды. Израильде мемлекет басқаруды бір мерзіммен шектеген елдер қатарында екенін жақсы білеміз.

АҚШ-тың өзінде де президент өкілеттігін бір мерзіммен шектеп, 6 жыл деп белгілеу мәселесі талайдан бері талқыланып келеді. Тіпті XIX ғасырдың өзінде де америкалық қоғам мұны жан-жақты пікірталас өзегіне айналдырған. 1826 жылдан бері аталған мәселе 160 мәрте жоғары деңгейде талқыланған. Ендеше, демократияның отаны саналатын АҚШ-та президент өкілеттігін бір мерзіммен шектеп, 6 жылға ұзарту жиі-жиі көтерілуі бекерден-бекер емес. Бәлкім, келешекте америкалық қоғам осы жолды таңдауы да бек мүмкін. Бұл уақыт еншісіндегі шаруа екені айтпаса да түсінікті.

Мұндай жаңашылдықты Ақ үй басшыларының біразы тиімді деп санағаны тарихтан мәлім. Мысалы, 15 президент осы әдіс дұрыс деп есеп тейтінін ашық түрде айтқан. Бұған түрлі деңгейдегі мемлекет қайраткерлерін, министрлер кабинеті мүшелерін, конгресмендерді, азаматтық қоғам белсенділерін қосыңыз. Мысалы Теодор Рузвельт президенттік құрып тұрғанда Өкілдер палатасының мүшесі болған Джордж Тинхэм бір мерзімдік өзгерісті қызу қолдағанымен танылған. Оның айтуын ша, мұндай бастама – «АҚШ-ты диктаторлықтан құтқаратын жол».

Жеті жылдық бір мерзім сайлаудан кейін саяси бәсекелестікті жойып, президенттік бас қаруды жақсартатыны қазір көп елде айтылып жүр. Дәл осы жағдайда президент өз құзыретін саяси және жеке мақсатына пайдаланбайды. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызмет жоғары деңгейге көтерілері анық. Ал біздегі бұған дейінгі қалыптасқан жүйеде президент қайта сайлануды үнемі есінен шығармады. Содан болар, президент көп ретте  мүдделі топтардың ықпалына ұшырайтынын өмірдің өзі талай дәлелдеп берді. Өз кезегінде мұндай құбылыс мемлекеттік және қоғамдық мүдденің зардап шегуіне алып келді. Бұған керісінше, жеті жылдық мерзімнің басты артықшылығы – президент қоғамның мүддесі үшін қиын шешімдерді ешкімге, оның ішінде өзінің келесі сайлауы туралы мәселеге де бас ауыртпай отырып, қабылдай беру мүмкіндігіне ие болады. Мұндай шешімдерді батыл қабылдау оның президенттік қайта сайлануына кедергі келтіруі мүмкін деген күдігін біржолата жоятыны және ақиқат.

Бір мерзімдік, бірақ ұзағырақ президент өкілеттігінің тағы бір артықшылығы бар. Ол мемлекеттік деңгейде кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Президенттікке бірнеше мәрте сайлануды шектеудің келесі ерекшелігі сол, кез келген елдің президенті саяси додаға қайта түссе, қарсыластарынан бір бас жоғары тұрады. Қазақша қайырсақ, билік кімде болса, соның сайлану мүмкіндігі көбірек. Мұны статистика да растайды. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында президенттікке екінші рет үміткер атанған 32 президенттің 22-і Ақ үй тізгінін қайта ұстап қалды. Олай болса, билікті монополизациялау қаупі сияқты проблема озық ойлы, адал саясаткерлерді қай кезде де ойлантып келеді. Өйткені, әсіресе, дамушы елдер үшін мемлекет тізгінін өз қолына алған тұлғаның деміл-деміл сайлауға түсуі узурпацияға даңғыл жол салып беретінін біз тарихтан жақсы білеміз. Тарихыңыз не, бұл жағдай өз еліміздің басынан өткені кеше ғана емес пе?! Сондықтан да Қасым Жомарт Тоқаевтың ұсынысын жаңа саяси дәуірдің бастамасы ретінде қарастырсақ қателеспейміз.

Парламент қабылдап, Президент қол қойған заңда «Конституцияда белгіленген мемлекеттің тәуелсіздігі, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережелер өзгермейді» деп анық көрсетілген. Ендеше, осы өзгеріс арқылы келешекте 7 жылдық мерзімді өзгертуге тыйым салынады.

Қазіргі халықаралық және өңірлік қақтығыстар кезінде, әсіресе, посткеңестік кеңістікте болып жатқан геосаяси жағдайда мемлекеттілігімізді нығайту ерекше маңызға ие. Саяси жүйе институттарын қайта жаңарту Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде сайлау халық бірлігін нығайтуға, азаматтық қоғам мен биліктің үйлесімді әрекет етуіне ықпал ететін болады. Демократиялық және орнықты жаңа саяси модельді қалыптастыру Қазақстанның тұрақтылығы мен тұтастығын, оның сыртқы және ішкі сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттырады.

Ата Заңымыздың 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Қарапайым түсіндірсек, алыс-жақын шетел де халқымыздың болмыс-бейнесін көрсететін азамат. Мемлекет тізгінін ұстаған адамның сауатына, саясат керлігіне, іскерлігіне қарап әлем біз туралы түсінік қалыптастырады.

Сайлаудың биыл күзде өткізілетіні де еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Қасым-Жомарт Тоқаев үш жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан саяси және экономикалық реформалар өзінің жалғасын табуына бұл бастама ерекше жағдай жасайтыны сөзсіз. Оның үстіне, Батыс пен Ресейдің арасындағы текетірес ұзаққа созылып бара жатқан жағдайда біз ел ішіндегі өз тіршілігімізді орын-орнына қойып алғанымыз әлбетте дұрыс.

Тағы бір айта кетерлік жайыт, енді ескі жүйенің өкілдері де есесін жібермейтіні белгілі болып қалған сыңайлы. Әсіресе, әулет өкілдері әлі біразға дейін тасада жатып тас атуын тоқтата қоймайды деген де қауіп жоқ емес. Экс-президенттен қауіп сейілсе де, оның артында тұрған кланның реванш ойластырмасына кепілдік жоқ. Сондықтан да Қ.Тоқаевтың батыл қадамын толық түсіну керек.

Алдағы сайлаудың әділ өтуіне ең алдымен Мемлекет басшысының өзі мүдделі болып отыр. Өйткені отыз жыл бойы сіресіп қалған саяси жүйенің түбін қопсытуды бастаған ол елдің саяси және экономикалық құрылымын толық жаңартып, өзі бастаған істі логикалық аяғына жеткізуді көздеп отыр. Себебі, осындай шұғыл қадам жасамаса, өзі уәде еткен реформалардың толық жүзеге аспасын түсінген секілді. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің көздеген мақсатына қол жеткізу сұрағы екі басты факторға арқа сүйейтінін жақсы білеміз. Ол – уақыт және халықтың сенімі.

Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанның концепциясын АҚШ сапары барысында осы елдің іргелі басылымында жария етуі де жайдан-жай емес. Бұл ең алдымен инвесторларға жолданған месседж екені де дау тудырмайды. Шетел инвесторлары ең алдымен кез келген елдегі саяси тұрақтылықты ұнатады. Сондықтан да олармен ынтымақтастықты бұдан отыз жыл бұрынғы позиция арқылы енді өткізу қиын. Бұл мәселеде де жаңаша көзқарас керек. Қасым-Жомарт Тоқаев осыны жақсы түсінеді.

Қазақстан әлемнен тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан да планетаның кез келген аймағында болып жатқан құбылыс бізді айналып өтпейді. Бір салқынын тигізбей қоймасы хақ. Сондықтан да қазір барған сайын әлемде күш алып бара жатқан тұрақсыздыққа қарсы Қазақстан сақадай сай отыруы керек екенін елдің әрбір азаматы жыға түсінгені абзал.

Демек, алда бізді сын сағаты күтіп тұр. Қазіргідей геосаяси ахуал өршіген тұста берекелі қоғам құруымыз да алдағы сайлауға тікелей байланысты. Қаңтар қасіреті айрандай ұйыған елдің ұйытқысын бұзу әп-сәтте екенін дәлелдеп берді. Олай болса, әділетті мемлекетті қалыптастыру – ел тізгінін ұстаған азаматқа ғана емес, бүкіл елге артылар жауапкершілік.

Соңы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған