Тоқты. Қолайлы күндер 14, 19, 28. Қолайсыз күндер 16, 26. Айдың бірінші бөлігіндегі үрей, толқыныс басты ауыртып, ұйқыны қашырып, денсаулыққа әсер етеді. Қызмет барысында қолайсыз сәттер болуы мүмкін. Жол апатына, тұрмыстық техниканың бұзылуына байланысты, күтпеген шығындар болуы мүмкін. 18 шілдеден кейін жағдай жақсарады. Проблемалар шешіліп, келісімдер жасалып, қаржы жағдайы жақсарады. Дегенмен жұмсақтық танытпаңыз. Айналаңызды аз тыңдап, өз түйсігіңізге сеніңіз. Әйтпесе басқалардың қолжаулығы болып кетесіз. Отбасылы тоқтылар қаталдық танытқаны дұрыс. Жалғызбастылар қолда қадірлей білу керек.
Торпақ. Қолайлы күндер 13,29. Қолайсыз күндер 17,24. Айдың ортасына дейін майда-шүйде проблемалар торпақтың мазасын алады. Сезімге ерік бермеңіз. Ойланбаған әрекет жасамаңыз, сонда бәрі ретімен шешіледі. Қазір жаңа жобаның, ғылыми ізденістің, жұмысқа орналасудың уақыты емес. Өз талантыңызды көрсетуге де мүмкіндік жоқ. Отбасында қиындық бар, бірақ ушықтырудың қажеті жоқ. Айдың 18-нен кейін бұл сейіліп, жұмыс істеуге, қарым-қатынастар жасауға жеңілдеу болады. Сондай-ақ табысты көбейтуге де, отбасындағы қарым-қатынастарды да реттеуге мүмкіндік бар. Мекемеде жұмыс істейтіндер біраз тер төгуге тура келеді. Қайтарымы бар. Өз бизнесі барлардың абай болғаны дұрыс. Жұрттың айтқанының бәрі жөн бола бермейді. Сондай-ақ өз кәсібін немесе мамандығын өзгерткісі келгендер де асықпағаны жөн.
Егіздер. Қолайлы күндер 19,22,29. Қолайсыз күндер 17,20. Айдың бірінші жартысында қаржы қиыншылықтары аз емес. Көштен қалып қоймас үшін түйсікке иек артып, өнертапқыштық жасай білу қажет. Жұмыс барысында дау-дамайға араласпаған жөн. Кей әріптестердің жөнсіз әрекеттері жағдайды ушықтырып жібереді. Егіздердің кейбіріне жаңа жұмыс іздеуге тура келеді. Бұл жерде де дау-дамай, сондай-ақ өзі сеніп жүрген серіктестерінің сатқындығы болуы мүмкін. Отбасында жағдайды нақтылауға тура келеді. Өзіңізге ғана емес, қасыңыздағыларға да адалдық таныту қажет. Бизнесі барлар жаңалықтан, әсіресе өндірісті жаңғыртудан қорықпағаны жөн. Мекемеде жұмыс істейтіндер жаңа байланысқа сақ қарағаны дұрыс.
Шаян. Қолайлы күндер 19,24,30. Қолайсыз күндер 18,27. Қуат күшінің артқанын сезінеді. Алайда айналадағылардың қысымы, сыны өмірді қиындатып жібереді. Серіктестер шыдамның шегін сынайын дегендей әрқайсысы өз мақсаттарына пайдаланғысы келеді. Дау-дамайлардан бөлек сот ісі де болуы мүмкін. Жаңа таныстарға сенбеңіз, маңызды құжаттарға қол қоймаңыз. Шатаққа шатылмаңыз, даулы іске араласпаңыз. Отбасылы шаяндар үйден көбірек шығып, әртүрлі іс-шараларға, науқандарға қатысқаны жөн. Ең бастысы сізді қолдайтындар көп. Жұмыс барысында бұрынғы бағыттан айнымаңыз, бірақ арасында жеңіл-желпі өзгерістер енгізіңіз. Кедергі кездессе шегінбеңіз. Аристотель айтқандай табан тірейтін күшті тауып, жерді қозғалтыңыз. Көпшілік іс-шараларын, мәселен, той, туған күн, мерейтой өзкізуге қолайлы кезең.
Арыстан. Қолайлы күндер 18,28. Қолайсыз күндер 17. Айдың бірінші жартысында қарама-қайшылықтар, сынап-мінеу, өкпе-наз жүйкеге тиеді. Әріптестермен келісімге келу, отбасында үйлесімділікті сақтау оңайға соқпайды. Жоспарлардың бұзылуы, бәсекелестермен келіспей қалу жағдайлары да орын алуы мүмкін. Арыстандардың кейбірі дау-дамай мен өсек-аянның құрбаны болуы мүмкін. Сәл шыдаңыз, бәрі де қалпына келеді. Айдың 18-нен кейін жақсы хабарлар, өзгерістер орын алады. Жаңа мүмкіндіктер ашылады, өз сәттілігіңізді жіберіп алмаңыз. Әрдайым белсенді болып, жетекке ерушінің емес, жетекшінің тізгінін бермеңіз. Құлағыңызды түріп жүріңіз: жақсы жаңалық жасау мүмкіндігі бар. Маңызды келісім-шарттар жасауға қолайлы кезең. Бір орында тұрып қалмаңыз. Сәтті келісім-шартқа қол қойғаннан кейін бәрі де жаңадан басталады. Әрі қарай жоспар құрыңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, өзгерістер туралы ойланыңыз. Қазір тәуекел етуге қолайлы уақыт. Әсіресе көптен бері ойда жүрген шығармашылықты жүзеге асыруға болады. Өз еркіңіз жетпесе, достарыңызбен ақылдасыңыз, көмекке келеді.
Бикеш. Қолайлы күндер 12,18,30. Қолайсыз күндер 9,22. Айдың ортасына дейін жұмысқа алаңдауға тура келеді. Дау-дамайға араласпаңыз. Кімнің кім екенін анықтауға да тырыспаңыз, әйтпесе өзіңізге жау тауып аласыз. Әр ісіңізді алдын-ала ойланыңыз. Сонда көп мәселеден құтыласыз. Жол сапары кезінде абай болыңыз. Айдың 18-нен бастап келеңсіздіктер жойылады. Достарыңыз бен туысқандарыңыз күрделі мәселелерді шешуге көмекке келеді, ал кейбір мәселелер өз-өзінен шешім табады. Бұл айда бикештер өздерінің дұрыстығын дәлелдейді, ол үшін табанды бола білу керек. Отбасы мәселелерін ушықтырмай, бірден шешуге тырысу керек. Егерде өз бизнесіңіз бар болса, сырттағылардың кеңесіне құлақ түріңіз. Ұсақ-түйек мәселелердің өзіне үлкен мән беріңіз. Мекемеде жұмыс істейтіндерге тосын сый бар. Бәлкім жаңа қызмет баспалдағы болар. Бірақ, сәттілікті жіберіп алмау керек. Мүмкіндікті жіберіп алған жағдайда ренжудің қажеті жоқ. Әлі сәті келеді. Сезімнен гөрі іске басымдық беру керек.
Таразы. Қолайлы күндер 15, 19, 29. Қолайсыз күндер 9, 17. Шаршап жүргенмен, осалдық танытқысы келмейді. Әралуан мәселелер де жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп тұр. Ұнжырғаңыз түспесін. Бәріне шамаңыз келеді. Шымылдырық сыртындағы дау-дамайға араласпаңыз, әріптестеріңізбен дауласпаңыз, әрі сырыңызды да айта көрмеңіз, өз ісіңізбен айналасыңыз. Жағдайды ушықтырмаңыз. Айдың екінші жартысында қуат-күшіңіздің артқанын сезінесіз. Қиындықтарға басқаша қарай бастайсыз. Есесіне көптеген келеңсіз жағдайлардың шешімін табасыз. Бизнес мәселесінде тәуекел етіңіз, көп ойланбаңыз, дегенмен шегінетін тұс қалдырыңыз. Мекемеде жұмыс істейтіндерге мүмкіндіктер берілгенімен олар оны пайдалана бермейді. Жұмыс барысында ең бірінші кезекте кәсіпқойлыққа мән беріледі, содан да әркім өз-өзін жетілдіруге тиіс. Бәсекелестік болатыны анық. Бизнесі барлар әртүрлі тексерістерден, сынақтан уақытын аямау керек.
Сарышаян. Қолайлы күндер 12, 29. Қолайсыз күндер 17,30. Аға ұрпақпен келіспей қалатын кездер болады. Саяхатқа шыққанда кедергілер кездесуі мүмкін. Сондай-ақ жұмыс барысында да сәтсіздіктер де орын алады. Бастысы жағдайды ушықтырмай, өте сақ болған дұрыс. Жаңа істі немесе қарым-қатынасты бастамас бұрын барлығын таразылап алған дұрыс. Сенімді, білікті кеңесшілер, адвокаттар, мамандар іздеу керек. Әйтпесе тесік астаудың жанында қаларыңыз анық. Сондай-ақ уақыт пен күш те текке кетеді. Сәл шыдаңыз. Табыс пен сәттілік есік қағады. Ескі достардан қашпаңыз, өзіңіз білмеген нәрсеге араласпаңыз, артық қимылдың қажеті жоқ қаншалықты қажет соншалықты қимылдаңыз.
Мерген. Қолайлы күндер 19,29. Қолайсыз күндер 17, 22. Қаржылық қиындықтар бар. Мүлік дауы болуы да мүмкін. Өз мүддеңізді қорғап қалуға дайын болыңыз. Тезірек салықты, айыппұлды төлеп тастаңыз. Заң бұзбаңыз. Жұмыс барысында өзгерістер орын алады, қарым-қатынас ауқымы кеңейеді, қызметтік міндет те. Табыс пен сәттілік ауылы алыс емес. Өз бизнесі барларға өте маңызды кезең. Барлық проблемаларды бір түйіншекке түйіп, бірден шешіп тастауға болады. Бірақ бәрі де көпшілікпен бітеді. Жағдайға бейімделе біліңіз.
Тауешкі. Қолайлы күндер 19,29. Қолайсыз күндер 17,30. Қиындықтарға төзуге тура келеді. Бәсекелестер сізді айналып өту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Өз қимыл-әрекетіңізді алдын-ала жоспарлаңыз. Тауешкілердің кейбірі еріксіз дау-дамайға араласады. Мұндай жағдайда басшылықтың қара тізіміне ілігесіз. Салық төлеу де, мұрагерлікке таласта қиындықтар болуы мүмкін. Қаржы мәселесінде сақ болыңыз, тексерілмеген ақпараттарға сенбеңіз. Түбегейлі өзгеріс жасауға қолайлы кезең, бойдағы асып-тасып тұрған күшті дұрыс бағыттау үшін спортпен айналысуға болады. Жұмыс барысында барлық мәселені тез шешуге, кейінге қалдырмауға тырысыңыз.
Суқұйғыш. Қолайлы күндер 19, 28. Қолайсыз күндер 17, 20. Өзін қызықтырмайтын іспен айналысқан суқұйғыштар қол-аяғы байлаулы адамдай. Көпшілігі айналасынан қысымды сезінеді, немесе жағдайға әлі келмейтінін түсінеді. Отбасындағы кикілжіңдер мен қаржы қиындығы көңілді құлазытады. Айдың 17-нен бастап қызметтік өсуге қарым-қатынасқа сәтті кезең басталады. Келісім-шарттар жасауға, жұмысқа тұруға, басшылыққа өтінішпен шығуға қолайлы. Расында да бұл кезең суқұйғыштар үшін қаржы салуға, келісім-шарттарға тамаша мүмкіндік. Алайда, несие алуға тағы да басқа қарыз алуға қарсылық бар. Жұлдыздар тек қана өз күшіне сену керектігін ескертеді. Отбасылық мәселеден шет қалмаңыз. Қайсыбір мәселеде болмасын шешім қабылдауды кешіктірмеңіз.
Балықтар. Қолайлы күндер 19, 29. Қолайсыз күндер 9, 22. Балықтардың өз бетінше бастама көтеруі қиындау болып тұр. Басқалардың нұсқауымен әрекет етуге, жағдайға қарай бейімделуге тура келеді. Құр қиялмен жеңіске жетем деп ойламаңыз. Нақты жағдайға қайта оралу қиын соғуы мүмкін. Қызметтік дау-дамайлардан қашық болыңыз. Әртүрлі «сарай ойындарынан» бойыңызды аулақ ұстаңыз. Өз-өзіңізді тежей білсеңіз, қызметте табысқа жетесіз, өміріңізде өзгерістер орын алады, шығармашылық шабыт келеді. Қаржы мәселесінде кейбір тұстарды шешуге қолайлы.