Тоқты. Көптен бері қол жетпей жүргенге қол жетеді. Мәселен, адал одақтастар мен өз-өзін жетілдіруге мүмкіндік көп. Егерде өз бизнесіңіз болатын болса, қаншалықты дұрыс бағытта келе жатқаныңызды сараптайтын уақыт. Тұтастай алғанда. Басқалардан ақыл сұрауға арланбаңыз. Ақылдасып пішкен тон келте болмас. Әрі уақыт пен күш үнемдейсіз. Егерде жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда табыс табудың балама көздері бар. Әрине, өзіңіздің жұмыс орныңызда да жаман емес. Дегенменен, барлығына үлгіру үшін уақытты есептей біліңіз, әрі жалғыздың үні шықпайтынын да ескеріңіз. Бір орында тұрып қалмаңыз. Отбасылы торпақтар отбасылық демалыс ұйымдастырғаны дұрыс.
Торпақ. Достармен, жақын адамдармен жиі араласуға тырысыңыз. Жұмыс ешқайда қашпайды. Егерде өзіңіздің бизнесіңіз бар болатын болса, жоспарлағаннан бас тартпаңыз. Көңіл қалауын жасаңыз. Егерде жалдамалы жұмыс істейтін болсаңыз жағдайды нақты бағалай біліңіз. Қазіргі жұмыс орныңызда болашақ бар болатын болса, ұмтылыңыз, ешқандай шектеу жоқ. Кедергілер кездесіп жатса, балама жолын іздеңіз. Отбасылы торпақтар сұрамаған жерде ақыл айтпағаны дұрыс.
Егіздер. Барлық даулы мәселелерді бірден шешкен дұрыс. Ұзаққа жоспар құрмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болмасаңыз, шегіне біліңіз. Жеңіске жету үшін. Өз кәсібі бар егіздер тәуекелге бел буады. Егерде жалдамалы жұмыс істейтін болса, онда керісінше тәжірибеге арқа сүйеген дұрыс. Тұтастай алғанда жаңа жағдайға бейімделе білу керек. Қаншалықты бейімделе білесіз, табыс та, болашақ та соған байланысты. Махаббат мәселесінде бәрі өз ретімен. Таңқалатын ештеңе жоқ.
Шаян. Негізі достыққа адал, сезімтал шаяндар бұл кезеңде ашушаң әрі қарсы келгенді таптап жіберетіндей. Жұмыс барысында өзіңізге қатысты емес тұстарда үлкен беделге ие боласыз. Отбасында бір сөзіңізбен бәрін шешесіз. Отбасын құрмағандар талабы оң болады. Ал отбасы барлардың тілегі орындалады. Жаңалық болмағанмен жақсылық орнын табады. Жұмыс барысында күтпеген жерде беделге ие боласыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, өз қалауыңызды іске асырыңыз. Зардабынан қорықпаңыз. Басшылықпен әңгімеде табандылық танытыңыз. Барлығы дұрыс болса, жаңа қызметке көтерілесіз немесе табысыңыз артады. Егерде тәжірибеңіздің аздығын сезсеңіз, әрі өзіңізге сенімді болмасаңыз өз-өзіңізді жетілдіріңіз. Егерде өз кәсібіңіз бар болса, онда басқаларға сеніп қалмаңыз. Жаңа келісім шарттар жасауды кейінгі қалдырыңыз.
Арыстан. Алдыңызда таңдау тұрса, кейін шегінбеңіз. Қандай бағытты таңдауға болатындығын осы ай шешеді. Жағдайға қарай бағыт алыңыз, әрі басқалардан кеңес алуға арланбаңыз. Өйткені бұл тек кеңес, бұйрық емес. Жаңа таныстардан абай болыңыз, алайда барлық іс-шараларға қатысыңыз. Лауазымға, ерекшеліктерге қарамастан. Егерде өз бизнесіңіз бар болатын болса, уақытысында бейімделе біліңіз. Ал мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, қарсы шабуылға шықпаңыз. Онымен мәселе шешілмейді. Тұтастай алғанда таңдай біліңіз, бірақ тым әрі кетпеңіз. Көптеген жағдайлардың астарында басқаша мән болуы мүмкін. Бұл әсіресе жалғызбасты арыстандарға қатысты. Өйткені олардың қазір бәрін бірден өзгертуге мүмкіндігі бар.
Бикеш. Қайта бейімделуге мүмкіндік мол. Жұмыс барысында мамандық немесе қызмет ауысуы мүмкін. Бұл өзіңізге байланысты. Қайсысы болғанда да жаман емес. Өз бизнесі бар бикештер бәсекелестерімен ашық шайқасқа шығады. Алайда, қандай жағдай болғанда да олардың өзіңізге қарсы қолданған әдісін пайдаланбаңыз. Сіз күштісіз. Қалғаны уақытша. Егерде компанияда жұмыс істейтін болсаңыз, өзіңізге одақтастар табыңыз. Бірге әрекет еткен оңай. Тек қиыны бір орында отырып, өз дегеніме жетемін деу. Қалған жағдайлардың барлығында кіріс көзі көбейуі мүмкін, тағы да басқа жақсылықтар орын алады. Жалғызбасты бикештер өз сезімінен қорқудың қажеті жоқ. Ал отбасы барлар өз еркін бір жұдырыққа сидырып, ортақ іске шешімді үлес қосуы керек. Бір жағынан жұлдыздар өз-өзін қинаудың қажеттігі жоғын ескертеді. Егерде ол адаммен бірге болатын болашақты көре алмасаңыз, онда өз-өзіңізді қинаудың қажеті жоқ.
Таразы. Қолдан жіберіп алуға болмайтын маңызды таныстық, оқиғалар орын алады. Үлгірмей жатсаңыз, қорқынышты емес. Аз істесеңіз де сапалы орындаңыз. Бизнес бастауға қолайлы кезең, бірақ жалғыз емес. Кей кездері күмәнді жаңадан гөрі, сенімді ескі артық. Махаббат мәселесінде де, жұмыс барысында да жаңалықтар баршылық. Сырттағылардың пікіріне құлақ асыңыз, бірақ демократияға салмаңыз. Шешімді өзіңіз қабылдаңыз. Бұл әсіресе өз бизнесі бар таразыларға қатысты. Ауқымды келісім-шарттар жасауға өте қолайлы кезең, алайда қаржы салуға асықпаңыз. Көбірек ақпарат жинаңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс шешім жасаңыз. Жұлдыздар сізге көмекке келеді, алайда мақсатқа жету бағыты мен әдісін өзіңіз таңдайсыз. Кеңес сұраудан қорықпаңыз, бірақ көмек емес. Барлығын дұрыс жасасаңыз, әрі қарай жаңа қызметке көтерілуіңіз немесе табысыңызды арттыруыңыз мүмкін. Жеке бас жоспарында себепсіз соқтықпаңыз. Тұрмыс түйткілдерінен нақты проблеманы ажырата біліңіз.
Сарышаян. Әдетте жетік білмейтін саласында жеңіске жетеді. Бұл жекедаралық сәт. Сондықтан да жағдайға қарай икемделіп, жеккөретіннің өзін жақсы көруге тырысыңыз. Отбасылы сарышаяндар өз-өзіне демалыс бергені жөн. Жан дүниесін ашуға, татуласуға қолайлы кезең. Қандай жағдай болғанда да жауапкершіліктен қашпаңыз. Үйренген қалыппен емес, дұрыс әдіспен қимылдаңыз. Егерде өз кәсібіңіз бар болса, көпке ұмтылыңыз, бірақ бәрі бірден бола қоймайтынын ескеріп, бірте-бірте іске асырыңыз. Басты міндетті бірнеше бөлікке бөліп, кезегімен жылжытыңыз, ал егерде мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, онда керісінше мәселеге жан-жақты қарап, барлық бағытта бірден шешуге тырысыңыз.
Мерген. Көп ретте мәселелерді кездейсоқ әдістермен шешуге тура келеді. Алайда, мүмкіндіктер де көп. Көптеген мергендер өзгерістер жасайды. Біреулері жаңа кәсіп меңгереді, енді біреулері жаңа қызметке тұрады, қалай болғанда да сізді қызықты, әрі маңызды оқиғалар күтіп тұр. Өз табысыңызды көбейту мүмкіндігі де бар. Махаббат мәселесінде белгісіздік жағдайында таңдау жасауға тура келеді.
Тауешкі. Кілт өзгерістер жетерлік. Қорғанамын деп әуре болмаңыз. Керісінше бәрін шешуге тырысыңыз. Қандай жағдай болғанда да басқалар үшін өз жоспарыңызды өзгертпеңіз. Қызмет баспалдағында өсу мүмкіндігі бар. Жіберіп алмаңыз. Тәуекелдің, күтпеген тосын жаңалықтардың уақыты. Егерде өз кәсібіңіз бар болатын болса, жиі ойланыңыз, алайда күмәнға бола, болар нәрсені тоқтатпаңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, ағыспен бірге аға біліңіз. Сәтті кезеңді жіберіп алмаңыз. жалғызбасты тауешкілер кез-келген жерде кафеде, аялдамада, болмаса кітапханада өз тағдырын кездестіруі мүмкін. Жіті қараңыз, таңдай берсеңіз, дағдарып қаласыз. Жаңа нәрсеге ашыла біліңіз.
Суқұйғыш. Жаңадан қоныс аударған немесе жұмыс орнын ауыстырған болсаңыз, жаңа орында беки түсу керек. Өз кәсібі барлар, күмәндінің барлығына жіті назар аудару керек. Міндеттерді бірінші, екінші деп бөлмеңіз. Маңыздысын жіберіп алуыңыз мүмкін. Барлық бағыттар бойынша жоспарлы түрде қозғалыңыз. Бұған қазір сіздің күшіңіз де, қуатыңыз да, уақытыңыз да жеткілікті. Егерде мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, болашаққа бағыт алыңыз, бірақ сөз бен жоспардан гөрі, нақты іске иек артыңыз. Ешқандай тәуекелге бармаңыз. Барлығына тек өз күшіңізбен, адал жолмен ғана қол жеткізе аласыз. Ұмтылыңыз, сыйақысы жаман болмайды. Жеке бас қарым-қатынасында барлығын бақылаймын демеңіз, қазір қызғаншақтық ушықтырып жібереді. Содан да бірдеңе айтпас бұрын ойланып алыңыз. Жалғызбастылар үшін, маңызды таныстық орын алуы мүмкін.
Балықтар. Көптен бері армандағанға қол жеткізесіз. Еркіндік мүмкіндікпен үйлесім табады. Бір нәрсені есте ұстау керек, сіз қалағанның бәрі соншалықты қажет те емес. Екіншіден, басқалар туралы айтпас бұрын көбіне өзіңізді де түсіне бермейсіз. Сондықтан да жеке бас қарым-қатынасына байланысты оқиғаны асықтырмаңыз. Өз-өзіңізге мүмкіндік беріңіз. Уақыт жеткілікті. Егер күмәніңіз бар болса, қайта ойланыңыз, бәлкім жан-жағыңызбен ақылдасқан жөн болар. Жалғызбасты балықтар мәселелерін жалғыз шешпегені дұрыс. Бетке күле қарағанға алданбаңыз, сын айтқанға да ашуланбаңыз. Дағдарып қалсаңыз, өзіңізден кішілерге зер салыңыз, олардан да үйренетін тұстар бар.