2021 ж. Сәуір 17

Қай жұлдыздың жолы болғыш?

ТОҚТЫ
Тоқтылардың көптеген салаларда жетістікке жетуге жеткілікті күші бар, бірақ олардың тікелей бағыты саясаттан гөрі әскери қызметке көбірек сәйкес келеді. Осы белгімен туылған адамдар өздерінің дипломатиялық таланттарын өшіріп алмай, іске асыру үшін қажетті икемділік пен айлакерлікті үйрену қажет. Шығармашылық табиғаты бола отырып, тоқтылар шығармашылықта да бақтарын сынай алады.

ТОРПАҚ
Торпақтар керемет математикалық қабілеттерімен ерекшеленеді, нақты және дәл жұмыс істейді. Сондықтан, олар банктік және есепшілік саласында жетістікке жете алады. Олар тамаша аудиторлар. Кеңселерді шебер басқара алады. Сондайақ, ауылшаруашылығы, көгалдандыру және гүл өсіру оларды үнемі қызықтырады. Сонымен қатар, бұл белгінің адамдарына керемет іскерлік сезімталдық берілген. Сондықтан, олар ақылды басшы бола алады.

ЕГІЗДЕР
Егіздер көркем және сахнада, жарық сәулесінің аясында өз орындарын алған секілді. Егіздер теориялық немесе басқа да ғылымда сәтті жұмыс жасамақ. Бұл белгінің адамдары жаңа білімді оңай сіңіріп, танымдық идеялардың жетегінде кетеді. Егіздер әдетте жақсы заңгерлер және мұғалімдер бола алады. Жалпы, олар көпшілік алдында сөйлеумен байланысты өмірдің барлық салаларына тартылады. Егіздер әдетте әдептілік пен дипломатиялық қасиетке ие. Сондықтан, саяси аренада да табыстарға қол жеткізе алады.

ШАЯН
Шаяндар арасында ғылыми ойлай алатын адамдар саны өте көп. Олар фактілерді оқып, салыстырып, заңдылықтар шығарудан және құбылыстарды талдаудан ләззат алады. Шаяндардың сүйікті аймағы – тарих. Олардың ежелгі дәуірді зерттеуі, көне заттарға қызығушылығы бірегей маман болып қалыптасуына көмектеседі. Шаяндар заттардың эстетикалық әсеріне емес, фактілеріне сүйенеді. Олардың қиялы күшті, бірақ шығармашылық табиғаттың олардан табылуы өте сирек құбылыс. Шаяндар құпияны жақсы сақтайды. Сондықтан, олар білікті заңгер, психолог, адвокат бола алады. Қандай қызмет атқарса да аса сабырлықпен, жауапкершілікпен жасайды.

АРЫСТАН
Арыстан не ойласа да, үстемдік етуге ұмтылады. Ол билікке келген сәттен бастап өз қамын ойлауға кіріседі. Өзінің сұраныстарын қанағаттандыруға дайын тұрады. Десе де, көмек қолын созып, айналасына көмектесіп те тұрады. Әйтсе де, аузынан жылы сөз аз шығатын арыстандардың түрі суық болғанымен жүрегі жылы. Егер ол кәсіпкер, компания басшысы болса жаңа серіктестер іздеп, мол серпіліс әкелуге дайын тұрады.

БИКЕШ
Ақылды, еңбекқор және жауапты бикештер кез-келген салада жетістікке жетуге қабілетті. Олардың көрегендігі мен нақты қорытынды жасай білуі бизнесте өте қажет, бірақ олар басқа салаларда да көпке пайдасын тигізбек. Бикештің үйлесімділік пен кемелдікке деген ұмтылысы оларды керемет сыншы етеді. Сонымен қатар басқалардың жасағанын түзету немесе жақсарту қажет болған жерде жетістік әкелуі мүмкін. Мейлі ол редакторлық жұмыс болсын, құрылыс жобаларын бағалау немесе кеңес беру қызметі болсын. Бикештердің бұдан басқа дәрігерлік қасиеті де бар. Олар көбіне дәрігерлік жолды таңдайды. Сондай-ақ, оларда көрегендік, тәуіптік қасиеті жиі кездеседі.

ТАРАЗЫ
Таразылардың басты қарсыласы қара жұмыс. Таразылар бұл
үшін дүниеге келген жоқ. Спорт пен физикалық жұмыстарды жасаймын деп, олар өз денсаулығына нұқсан келтіріп алуы мүмкін. Олар майда-шүйдеге дейін ойлайды. Кез-келген нәрсеге терең қарап, әр нүктенің тарихына үңілуді жандары сүйеді. Сондықтан, олар дизайнерлік жұмысқа икемді болып келеді.

САРЫШАЯН
Сарышаяндардың адамдарға әсер ету қабілеті бар, сонымен
қатар олар көпшілік алдында сөйлеу шеберлігімен ерекшеленеді. Сондықтан олардың арасында кеңесшілер, сақтандыру агенттері мен саясаткерлер өте көп. Бірақ олар мұнымен тоқтап қалмауы керек. Олардың жеке тұлғасы көпқырлы. Көрнекті философтар, тамаша суретшілер болуы мүмкін. Кез-келген жанжалдарға араша түсіп, бітім- гершілікке әкелуі мүмкін. Сарышаяндар медицина сала- сында жақсы жетістіктерге жетпек.

МЕРГЕН
Мергендердің мансабы әдетте біркелкі дамымайды. Олар бір
қызметтің төңірегінде өте көп уақыт жұмыс жасай береді. Десе де, қосымша білім алудан қашпайды. Қажырлы еңбек кез-келген істе жетістікке жетуге көмектеседі, бірақ шығар шың неғұрлым жақын болса олар жаңа нәрсе жасауға көбірек талпынады. Ең белсенді және қорықпайтын мергендер үшін бейбіт және сабырлы адамдарды қор- қытатын мамандықтар өте қолайлы. Олар милиционерлер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери журналистер, сарбаздар, ұшқыштар немесе сүңгуірлер болуы мүмкін.

ТАУЕШКІ
Тауешкілер тау-кен, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты
салаларда кәсіби жетістіктерге жетеді. Амбиция мен билікке
деген құмарлықтың жетегінде жүрген басқалары саясатқа
немесе әкімшілік жұмыстарға жүгінеді. Табандылық, дәлдік,
жауапкершілік пен шыдамдылық тауешкіні өзінің басшы- лары алдында құнды қызметкер етеді. Бірақ, әріптестері оны бәсекелес ретінде қабылдайды. Олар жалғыз жұмыс істе- генде жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

СУҚҰЙҒЫШ
Суқұйғыштар көбінесе кәсіпкерлік саласындағы мансап туралы армандайды. Бірақ іс жүзінде олар үшін жұмысшы болып қалу тиімдірек. Бұл жағдайда олар аса жауап- кершілікті көзқарасқа ие болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Жалпы, бизнес саласында жетістікке жету үшін, суқұйғышта өзін-өзі жеңе алатындай ерік күші және олардың нәзік жанын қоршаған әлемнің ықпалынан қорғайтын қатты мінезі болу керек.

БАЛЫҚТАР
Балықтар арасында нақты жұмыс істейтіндер бар, әдетте, олар өздерін толықтай жұмысқа арнайды. Қазіргі әлемде балықтардың таланты жарнама мен ойын-сауық индустриясында қолданылады. Балықтар зауыт немесе банкті басқара алмайды, бірақ олар радиостанцияны немесе телеарнаны басқара алады. Саяхатқа деген қызығушылық және алған әсерімен бөлісу балықтарды керемет жур – налистер етеді. Сонымен қатар, бұл белгінің адамдары үйге қатты байлаулы емес. Сондықтан олар бірнеше жыл бойы шетелде жұмыс істей алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған