ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов проблемалы өңірлерге барып жұмыс істейтін үздік ұстаздарға әлеуметтік қолдау шаралары жинақталған пакеттер ұсынылатынын айтты. Сондай-ақ, ол елдегі Төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, арнайы орган өкілдерінің, құқық қорғау саласының қызметкерлерінің балаларына оқуға түсуге гранттар қарастыру жайлы сөз қозғады. Оның ойынша мұндай қолдау мемлекет тарапынан қажетті болып табылады.
Және педагогтар жағынан кадр тапшылығы бар немесе білім сапасы өзгелерден алшақ өңірлерге үздік ұстаздарды жұмысқа тартып, мұғалім мамандағының мерейін арттыру үшін айлық жалақысын көбейтіп, тұрғын үй беру, жалға алған үйінің құнын төлеу сынды жеңілдіктерді ұсынбақ.