Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, мемлекеттік грант конкурсына 1878 оқушы қатысты. Қала мектептерінің түлектерінен мемлекеттік грантты1219 оқушы иеленген. Оның ішінде педагогика мамандығы бойынша 269, медицина саласы бойынша 98 талапкер, техникалық мамандықтар негізінде 527, ауыл шаруашылығы бойынша 65 түлек жоғары оқу орындарына тегін оқуға жолдама алды. Сондай-ақ, өзге салалар бойынша 260 мектеп бітіруші мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Н. Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінде ағымдағы оқу жылында 20 оқушы ҰБТ-ға қатысып, 13 шәкірт мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған болатын. Конкурс нәтижесінде 10 талапкер мемлекеттік грант иегерлері атанып мектеп мәртебесін асқақтатты.
* * *
Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейде гранттарды тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берген түлектер жақсы нәтиже көрсетіп,ұстаздар қауымының, ата-аналарының үмітін ақтап, грант иегерлері атанды. 2021-2022 оқу жылында 84 түлек мектеп қабырғасынан қанат қақты. ҰБТ-ға 83 оқушы қатысып, мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған 32 оқушы грант иегері атанды. Грантқа үміткер 6 «Алтын белгі» иегері білімді екендіктерін дәлелдеп шықты. Мектеп бітіруші 3 түлек шет елдің грантын иеленді.
«Жемісті де жеңісті жылымызды жоғары деңгейде қорытындыладық. «Ұстазы мықтының— ұстамы мықты» демекші, Түлектерімізді білім нәрімен сусындатып, жоғары нәтиже көрсетулеріне үлкен үлес қосқан ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Білім негізі — бастауышта. Түлектердің алғашқы ұстаздары Майра Шүкірбаева, Сая Сүгірбай, Иваненко Татьяна Николаевна, Ерчкова Татьяна Анатольевна сынды ұстаздарымызға мың алғыс. Сонымен қатар, түлектеріміздің ыстық-суығына көніп, маңдай терлерін төгіп, еңбек еткен сынып жетекшілері Салима Сентаева, Рыскүл Ахметова, Айнаш Қалжанова, Шакизада Тимурға еңбектеріңіз жемісті бола берсін деп тілек білдіреміз. Сондай-ақ, түлектерімізді білім нәрімен сусындатқан барша ұстаздар қауымына ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз. Әрқашан еңбектеріңіз елене берсін. Абыройларыңыз асқақ, мәртебелеріңіз биік болсын! «Бала үйдің бақшасы, бағбан болғай анасы», – деп халқымыз бекер айтпаған. Құрметті ата-аналар, үкілеген үміттеріңізді ақтап, мемлекеттік грантты жеңіп алған балаларыңыздың жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Қымбатты түлектер, алдағы уақытта да білім шыңын бағындыра беріңіздер!, Сәттілік серік болсын!»,- деп мектеп ұжымы қуаныш иелеріне жылы лебіздерін жеткізді.
***
Серғали Толыбеков Атындағы №3 Мектеплицейінде биыл да үздік нәтиже көрсетіп, мемлекеттік грант конкурсына қатысқан 90 оқушының 52-сі мемлекеттік грант иегері атанса, 4 оқушы Ресей мемлекеті университетінің грантын жеңіп алды. «Елімізде оқушыларымыздың 11 жылдық білім нәтижесі сараланып, мемлекеттік грант тізімі жарияланып, қуанышымызды еселеді. Грант иегері атанған оқушыларымыз бен үкілеген үміттері ақталған ата-аналарды құттықтаймыз! Сарқылмас жігер мен таудай талап тілейміз!»,- деп мектеп ұжымы ақ тілектерін жаудырды.
***
Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 2020-2021 оқу жылында 43 түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, нәтиже бойынша 26 шәкірт грант иегерлері атанып, білім ордасының мерейін асқақтатты. 2020-2021 оқу жылында 146 түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшып,оның ішінде 103 түлек мемлекеттік грантқа үміткер ретінде өз өтініштерін берді.Сол түлектердің ішінен үздік нәтиже көрсетіп 74 оқушы мемлекеттік грантты, 1 оқушы университет грантын және 2 оқушы шет мемлекеттерінің грантын жеңіп алды.
***
И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде ағымдағы оқу жылында 45 оқушы ҰБТ-ға қатысып, 34 шәкірт мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған болатын. Бүгінгі жарияланған мемлекеттік грант нәтижесі бойынша 22 түлек грант иегерлері атанды. Сонымен қатар, 3 шәкірт Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының мемлекеттік грантын, 1 шәкірт «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының грантын, 1 шәкірт Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының мемлекеттік грантын жеңіп, 27 түлек ата-аналар мен ұстаздардың еңбектерін ақтады.
***
Абай атындағы мамандандырылған мектеп бойынша 2020-2021 оқу жылында 146 түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшып,оның ішінде 103 түлек мемлекеттік грантқа үміткер ретінде өз өтініштерін берді. Сол түлектеріміздің ішінен үздік нәтиже көрсеткен 74 оқушы мемлекеттік грант иегері, 1 оқушы университет грантын және 2 оқушы шет мемлекеттерінің грантын жеңіп алды.
***
2020-2021 оқу жылында №7 мектеп -лицейін 56 түлек бітірді. Мемлекеттік грант конкурсына 40 бітіруші қатысып,өз бақтарын сынады. Конкурс қорытындысымен мектептің 22 түлегі грант иеленіп, еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері атанды. Аталмыш оқу орнының ұжымы «Ұстаздар мен атааналардың үміттерін ақтаған түлектерімізді құттықтаймыз! Ұстаздарымыздың өлшеусіз еңбегі өз жемісін берді. Ата-аналарымыздың сенімі ақталды. Қымбатты түлектер,жаңа өмірге аттаған қадамдарыңыз нық, талаптарыңыз оң болсын!»,- деп қуаныш иелеріне құттықтау лебіздерін арнады.
Айдана ӘЛИАРЫСТАН