Қызылорда облысында Петро Қазақстан компаниясының демеушілігімен Қазалы ауданында 1 оттегі станциясы салынатын болады. Осы станциядан Арал және Қармақшы аудандарын, Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз ете алады. Өңірдегі екінші оттегі станциясы «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасынан салынатын болады. Бұл қала аумағындағы ауруханаларды және Сырдария, Жалағаш аудандарын қамтамасыз етеді.