QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Оның ұрпақтары сыр елінде еңбек етуде

Автор:QAA.kz

Окт 10, 2020

Біздегі 23-ші мектеп-лицейіне Жәлел Кизатов бабамыздың есімі берілгені қай заман. Десе де, бүгінде бұл мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқу орнының сыртқы бейнесі тура бір шетелдік стильдегі ғимарат сықылды көрінеді. Оның үстіне, мектептің алдында тұрған Жәлел Кизатовтың ескерткіш бюсті жаңғырып, жаңаша қалыпқа енген.


Осы орайда, шара басталмас бұрын ерте келген облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы және білім бөлімдерінің өкілдері аймақ басшысын тосты.


Еске алу гүл шоқтарын қоймас бұрын, аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы Жәлел Кизатовтың қоғам алдында сіңірген еңбегіне тоқталды.


Оның бетке тіке айтуы, өз ойын анық жеткізуі, жеріне жанашырлығы келешек ұрпаққа үлгі болуы тиіс екенін шараға келген қонақтар тілге тиек етті.
Бүгін Жәлел Кизатовтың туғанына тура бір ғасыр толып отырғанына барлық қауым шынында риза болды. Бүкіл елге еңбегі сіңген азамат 1920 жылы тоғызыншы қазанда дүниеге келген еді.


Біздің сыр еліне жұмыс бабымен көшіп келген “Жәлел Кизатұлының Қызылордаға ықыласы ерекше еді” – дейді, көзін көргендер. Ол тіпті біздің жерде жүріп бірталай өлең шумақтарын да жазған екен. Онымен қоса, бірнеше авторлық кітаптары бар екені біразға мәлім.


Әкем екеуміз бос жатқан далаға бірге келген болатынбыз. Сонда ол қарап тұрды да, мына жерде астық, жүгері өндіруге болатындығын айтты. Бес жыл өткеннен кейін осы бос жерде құрылыс басталды. Қарапайым шаруаларға тұрғылықты баспана салынды. Артынша, біз астық жинаудан рекорд орнаттық. Қазіргі кезде еліміздің солтүстік қалаларында әкемнің аты берілген кең көшелер, оқу орындары бар. Ең бастысы, өзі еңбек қылған сыр елінде оның атында көше және осы мектеп-лицейінің аты берілген. Бұл шараны ұйымдастырған облыс әкімшілігі мен қала әкімдігіне Жәлел Кизатовтың балаларының, немерелері мен шөберелерінің атынан ыстық ықыласымызды жеткіземіз”-деді, Жәлел Кизатовтың баласы Көмекбай Кизатов.


Ең қызығы, Жәлел атамыздың өзі Солтүстік өңірдің тумасы болсадағы оның ұрпақтары бүгінде сыр елінде еңбек етуде.


Сонымен қатар, Жәлел Кизатов Ұлы Отан Соғысына қатысып, Днепр шайқасында көзге түсіп, бар жоғы 24 жасында Кеңес Одағының батыры атағын алған екен.

Бүгінде Украинадағы ескерткіш тақтада батырлардың аты-жөндері жазылған тізімде оның тегі орын алған. Өзге елдің төрінде қазақ батырының аты қашап жазылғаны бүкіл ел үшін зор қуаныш.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *