QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БАРЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР БІРІГІҢДЕР!

ByQAA.kz

Шіл 24, 2020

Кешегі індеттің өршіген тұсында таппағанға дәрі, ауа жетпегенге кислород іздеп, тасып ерен ерліктің үлгісін көрсеткен еріктілер Сыр елінде де аз емес. Олар сонымен қатар дәріхана, емханаларды да бақылауға алып, тұрғындардың дәрігерлік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуге де үлес қосты. Сыр елінде жаңа бір бастама көтерілді. Елдегі барлық еріктілердің басын қосатын “SYR VOLONTERLARY” орталығы ашылды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет:

– «Орталықтың мақсаты – барлық еріктілерді бір орталыққа біріктіріп, сапалы қызмет көрсету. Аталған орталық Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі ғимаратында орналасқан. Волонтер болғысы келетін барша ынталы азаматтар «Syr Volonterlary» орталығының 401-110 байланыс телефонына хабарласуға болады. Пандемия кезінде волонтерлар ауқымды жұмыстар атқаруда. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қарттарға материалдық қолдау, автоволонтерлардың көмегімен медициналық дәрі-дәрмектер жеткізіліп, жыл басынан бері түрлі форматтағы 1 184 шаралар ұйымдастырылды. Осындай қиын сәтте елге қамқорлығын аямай, қайырымдылықты қолдап жүрген “Қызылорда” қонақ үйінің директоры Қайрат Боранбаев, “АбайДәулет” серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев және “Далатекс” серіктестігінің басшысы Ділмұхамед Абизов сынды басқа да кәсіпкерлерге, елжанды азаматтарымызға алғысымыз шексіз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған