2021 ж. Сәуір 14

БАЛАБАҚШАЛАР ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШТІ

Өткен аптада «Алтын Ұя» бөбекжай бақшасы цифрлық білім беруге арналған алғашқы таныстырылым жиынын өткізді. Бұдай былай бөбекжай бақшасы жаңа ресурстармен білім беруді бас- тайды.Таныстыру жиынына Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Динара Баймурзаева, балабақша меңгеру- шілері қатысты. Қонақтар қашықтан оқыту, бейнесабақтар қорын жасақтау, «Робототехника» және «Интеллектум» үйірмелері бойынша жасап жатқан жұмыстарымен танысты. Бүгінде «Алтын Ұя» бала- бақшасы 2020 жылы цифрлық білім беру ресурстары бар 18 «Bilim -book» панельдерімен, STEAM-кабинетімен жабдықталды. Сондай-ақ, логопед-дефектолог кабинеті, педагог-психолог кабинеті, сенсорлық кабинет орналасқан. Балабақша тәрбиешілері мен мамандары ар- найы курстан өтті. Алдағы уақытта ІТ-білім беру бағытына Қызылорда қаласындағы «Сыр шуағы» және «Бүлдіршін» бала- бақшаларына көшеді. Яғни бірқатар балабақшалар «Тірек білім беру ұйымдары» ретінде жұмыстарын үйлестіретін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған