2021 ж. Сәуір 14

Трамптың ақшалары қайда кетті?

U.S. President Donald Trump reacts during a campaign rally in Battle Creek, Michigan, U.S., December 18, 2019. REUTERS/Leah Millis? TPX IMAGES OF THE DAY - RC22YD9OIBTL

Bloomberg Billionaire Index-тің мәліметіне сәйкес, Дональд Трамп президент болған кезінде оның байлығы шамамен 700 миллион долларға төмендеп, 2,3 миллиард долларға (1,65 миллиард фунт стерлингке) дейін түскен.

Ковид-19 пандемиясы оның бірқатар кәсіптеріне қатты соққы берді: Трамптың кеңсе ғимараттары, фирмалары мен қонақ үйлері және демалыс орындары кірістерінен айрылып, құны төмендеді.

Оның ұшақтары мен гольф алаңдарының да құны да төмендеді.

Қазіргі уақытта Трамптың үстінен оның көлеңкелі қаржылық және отбасылық бизнесі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Трамп сонымен қатар Boeing 757 авиакомпаниясының паркіне иелік етеді. Бұл ұшақтар он жылдан астам оның иелігінде. Bloomberg таратқан қаржылық есеп-қисап ақпараттарына сәйкес жылдар өткен сайын ұшақтарының құны төмендеген.

2015 жылы жеті ұшақ шамамен 59 миллион долларға, ал 2020 жылы бесеуі шамамен 6,5 миллион долларға бағаланды. Ол өз иелігіндегі әуепаркінің бір бөлігін сатқандықтан Трамп ұшақтарының құны жылдар өткен сайын төмендеуде.

Трамп өз қаржысының бір бөлілігін президенттік қызметінде жазған мемуарларынан түсетін қаржымен өтей алады.

Деректерге қарағанда, Барак пен Мишель Обамаға БАҚ естеліктері үшін шамамен 65 миллион доллар төлеген, ал Билл Клинтон 2004 жылы шыққан кітабы үшін 15 миллион доллар сыйақы алған.

BBC.COM

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған