QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Патша тұқымы әулет абыройын төкті

ByQAA.kz

Сәу 14, 2021

Иорданияда өткен сенбіде 20-ға жуық адам қамауға алынды. Басты себеп, төкеріс деп болжануда. Ұйымдастырушылардың қатарында патша Абдалла екіншінің бауыры бар көрінеді. Осы бүлікке қатысы бар, әрі елде төңкеріс жасамақ ниетін біліп, патшаның бауырын қамауға алған екен.

Десе де, сарапшылар төңкерістің ошағы сырт мемлекеттерден келген дейді. «Вашингтон Пост» газетінің хабарлауынша бұл бүлікке бірнеше адамның қатысы бар. Ал оның ішінде патша әулетінің бір адамы маңызды рөл атқарған делінген. Ал елдің өзінде штаб генерал-мойоры Юсеф Ахмад аль-Хунейтидің айтуынша патшаның бауыры қамауға алынбаған. Оған тек бүлікке қатысты ескертпе жасалды дейді.

Бүлікшілердің арасында өз уақытында корольдіктің сотын, министірлігін басқарған Хасан бен Зайд пен Басем Ибрагим Авадалланың аттары аталған.

Патшаның бауыры Хамза алдағы уақытта елге видеосәлемдеме жіберіп, бар шындықты айтатынын жеткізген. Қазіргі күні ол үй қамақта және сырттан келген ешқандай адаммен араласуға болмайтындығын жеткізген.

Бейнеролик таралғаннан кейін, патшалық тарапынан брифинг өткізіліп, Хамзаны елде бүлік жасауға тырысты деп халық алдында масқаралаған көрінеді. Әзірге мәселенің ақ, қарасы белгісіз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған