QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Үндістанда тәжді індет шектен шықты

ByQAA.kz

Сәу 26, 2021

Үндістан премьері Нарендра Моди елдегі індет өсуін антирекордтық дәрежеде деп жеткізді.

«Біз инфекцияның алғашқы толқынымен сәтті күрескеннен кейін жігерлендік, бірақ бұл дауыл біздің ұлтты дүр сілкіндірді», – деді Моди.

Үндістан үкіметінің басшысы COVID-19 жұқтырғандардың күнделікті рекордтық өсуіне алаңдаулы екенін жеткізді. Соңғы тәулікте елде анықталған инфекцияның саны 349 мың адамды құрады. Делидегі ауруханалар медициналық оттегі мен төсек орындарының жетіспеушілігінен науқастарды қабылдаудан бас тартуда. Жұма күні кем дегенде 25 COVID-19 пациенті оттегінің жетіспеуінен Дели ауруханасында қайтыс болды. Дәрігерлер науқастардың көбеюін жеңе алмайтындықтарын мәлімдеді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған