QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ЕЛДІҢ ОЙЫ ЕЛЕНЕР МЕ?

Автор:QAA.kz

Авг 10, 2020

Беларусь мемлекетінде президенттік сайлау өтті. Тамыздың тоғызы болған сайлауға  6,8 миллион Беларусь азаматы дауыс бере алатын еді. Сонымен қатар, өзге мемлекеттерде 40 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Сайлауға елдің 50% азаматы ат салысқан жағдайда өттіге саналатын. Ресми мәлімет бойынша сайлауға елдің 84% азаматы қатысқан. Үміткерлер тізімінде 5 адам болды. Айта кетейік, бұл тізімде елді 26 жыл басқарған Александр Лукашенко да бар.

Сайлау өткізілген күні барлық ұялы телефон операторлары мен ғаламтор желілері арнайы істен шығарылды. Беларусьтік политологтардың айтуынша сайлау күні халық кімге дауыс бергенін түсіріп, бір-біріне жіберуі мүмкін. Бұл сайлау нәтижесіне теріс әсерін тигізеді дейді.

Минскінің орталық алаңында ауыр қорғаныс техникалары жақсақталды. Дауыс берушілер түгелдей карантиндік режимді сақтанды.

Бүгінгі мәлімет бойынша Александр Лукашенко сайлау қортындысынан 80,23% дауыс жинаған. Оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 9,9% дауыс жинады. Сайлау нәтижесіне келіспеген Тихановская билікті еркін түрде тапсыруды талап етуде. Оған қоса барлық күш сайлау процесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалғандықтан елдің басқа аймақтары қараусыз қалған болатын. Ресми мәлімет бойынша елдің кей аумақтарында халық наразылығы тууда. Сонымен қатар қақтығыс барысында бір адам қаза тауып, елу адам жапа шеккен.

Ал Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Лукашенконы жеңісімен құттықтаған.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *