QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Екпе алғандарға жеңілдік бар?

ByQAA.kz

Сәу 27, 2021

Жаңалық ашқыш немістер тағы да жаханға жар салды. Бұл жолы, Германия канцлері Меркель мынадай тұжырымдамаға келіпті.

«Экспресс-тестілеуді қажет ететін жағдайларда вакцинацияланған және сауыққан адамдарға тест нәтижелерін көрсету қажет етпейтіні анық», – деді Меркель Германия үкіметінің сайтындағы баспасөз хабарламасында.

Вакцина салдырған немесе індетпен ауырып шыққан адамдарға қоғамдық ортаға шығуға жеңілдік қарастырылады. Олар еркін түрде дүкенге, шаштаразға бара алады. Ал екпе алмағандар сол күйі карантин талаптарын бұзбай, үйлерінде отырмақ көрінеді.

Сонымен қатар, Меркель бірінші кезектегі вакцинация маусым айынан кешіктірілмей тоқтатылатынын, яғни барлық адамдар вакцина алатындығын атап өтті. Германияда коронавирусқа қарсы вакцинация өткен жылдың 27 желтоқсанында басталды және денсаулыққа, жасына және кәсібіне қарай ерекшеленетін басым топтар кезекпен екпе алуда. Бүгінгі күні 6 миллионға жуық адам вакцинациядан толық өтті (халықтың 7% -дан астамы).

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған