KAZINFORM – Қызылорда облысында биыл коронвирустың 90 дерегі тіркелді.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша, ауыр ағымдағы жіті респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан науқастардың анализі зертханалық жолмен тексеруге жолданады. Онда тұмаумен қатар коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тексеріледі.

«Жыл басынан бері аймағымызда коронавирустың 90 дерегі тіркелді. Нақты айтқанда, қаңтар-мамыр аралығында аймақта 76 адамнан COVID-19 жұқтыру дерегі анықталған. Ал мамыр-тамыз аралағында коронавируске шалдығудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Ал тамызда 3, қыркүйекте 6, қазанда 5 дерек есепке алынған. Облыстағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалауға болады», – деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Ведомство мәліметінше, 2024-2025 жылғы жаңа эпидемиологиялық маусымда Қызылорда облысында жедел респираторлы вирусты инфекцияға 16414 адам шалдыққан. Оның 66% пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

«Еңбек ұжымдары өз қызметкерлерін тұмауға қарсы ақылы түрде егуге мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі күні тиісті контингенттің 70 пайызы (59608 адам) тұмауға қарсы екпе алды. Бұдан бөлек жұмыс берушілер есебінен 1000 адам вакцинациядан өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады. Сондықтан тұрғындар жоғарыда атап өткен тәуекел тобындағы адамдар жауапкершілік танытып, екпе алғаны дұрыс. Бұған қоса, жұмыс орындарында ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор», – деп толықтырды Ә.Әбдіқайымова.
Источник : inform.kz

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған