QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады

Автор:QAA.kz

Янв 7, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев православиелік қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл турады Ақ Орданың ресми сайты хабарлады.

Қымбатты отандастар!

«Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.

Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.

Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.

Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!

Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!»,-деді мемлекет басшысы.          

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *