QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Дүниежүзілік банктен Қазақстанға бөлінген қаржы қайда кетті?

Автор:QAA.kz

Янв 4, 2021

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік банктен алынған қарыздың қайда жұмсалғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Дүниежүзлік банктің бағдарламасы бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске 21,8 миллион доллар (9,3 миллиард теңге) бөлінді. Бағдарламаның көп бейінді екенін айта кету керек. Бұл ақша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту, қызметін сапасын көтеру, кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, жоба басқару және коммуникациялық стратегиялардың мониторингіне жұмсалды. Айтылған қаражат тек коронавирус пандемиясымен күреске бағытталды. Ал Дүниежүзілік банк бөлген қаражаттың қалған бөлігі басқа институциялық реформаларға арналды. Бұған қоса, біздің ведомствоға бөлінген қаражаттың бір бөлігі осы жылға жоспарланды», — деді Цой. 

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *