QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ҰЖЫМДЫҚ ОТЫРЫС — ІНДЕТТІ ҮДЕТЕДІ

Автор:QAA.kz

Дек 31, 2020

Облысымызда қараша айында коронавирус инфекциясының 31 жағдайы, ал желтоқсан айының 30 күнінде 93 дерек тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова баяндады.

— Өздеріңіз білесіздер, 2021 жылдың 5-ші қаңтарға дейін қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, кәсіпорындарында, мекемелер мен кеңселерде ұжымдармен ұйымдастырылатын жаңа жылдық секілді іс-шараларды өткізуге тыйым салған болатынбыз. Бірақ белгіленген карантиндік шектеулерге қарамастан халық көп жиналған отбасылық жиындарды өткізу әлі де азаяр емес. Коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында сақтық шараларын орындауды сұраймыз. Өңіріміздегі эпидемиолгиялық ахуалды ескере отырып, Жаңа жылда коропоративтерді, банкеттер шектелді. Туыс, достарды онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатып, құттықтауға кеңес береміз, — деді Динара Жаңабергенова.

Карантин басталғалы өңірде 919 талапты бұзушылық анықталды. Оның 474-і мерекелік және отбасылық шараларды ұйымдастыру.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *