QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа

Автор:QAA.kz

Дек 31, 2020

Әлем жұртшылығына ортақ жаңа жыл мейрамы  бар. Әсіресе, шет мемлекеттер бұл мейрамда көне заттарын сыртқа шығарып, жаңа дүниелер сатып алып, мол дастархан басында тойлайды. Ондағы себеп, жаңа жылда реніштер мен ескі-құсқыны ұмытып, жаңаша қарсы алу.

Биылғы жыл әлем жұртшылығы үшін оңайға соқпады. Ғаламды шарпыған тәжді вирус қай елге болмасын кері әсерін тигізбей қоймады.

Біздің елдеде зардап шеккендер аз болмады. Сондықтан, мейрам тойлау дәстүрін кейінге ысырып, ел жағдайын ойлауға бет бұрдық. Биылғы жаңа жылда қаламыз от шашулардан бас тартты. Қала халқы әлі де болсын мейрамды күндердің алда екенін біліп, бұл шешімді бір ауыздан мақұлдап, ел ағаларына ізгі ниеттерін жаудыруда.

Қазақтың тұлғалы азаматы, көріпкелдік қасиетке ие Мәшхүр Жүсіп жүз жыл бұрын ел тағдырына алаңдап, болжаулық еңбегін келер ұрпаққа аманат етіп қалдырыпты. Шынында, ол меңзеген заманның әрекеттері бүгінгімен тұспа-тұс. Келешекте қазақ халқының басына жарық уақыт келеді, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман болады деп бекер айтпаса керек. Бүгінгі күндері еңсеміз биік, рухымыз мықты елміз.

Жаңа жыл қарсаңында ел азаматтары халыққа ізгі ниеттерін айтып, тілек тілеуде.

Биылғы жылғы індеттің сесіне қарамастан, әр отбасы осынау мейрамға әрқалай дайындалуда. Мейрамды қалай қарсы алсаң, келер жыл сол арнамен ағып өтеді деген наным сенім бар. Сондықтан, барлығы жиналып, мол дастархан жайып, туған-туыс пен жора-жолдастарын шын жүректен құттықтауда. Бәлкім жаңа жылдың сыры осы ма екен? Араздасқан ағайынды татуластырып, алыстағы жақыныңмен қауыштырып, жыл аяғын жақсы аяқтап, амандықта қауыштырып, жақсылықта жолықтырар бірден-бір сәт болар.

Балаларға ой-қиял сыйлап, аяз атаны күтіп, жақсылыққа сендіретін нышанның бірі осы жаңа жыл қарсаңы.

Бұл түні айтылатын миллиондаған тілектер шын көңілден шығып, мемлекет басшысының сөзін бүткіл ел болып тыңдап, келер жылға жақсы жоспар құрмақпыз.

Осынау мейрам күні, барлық қазақстандықтар мен әлем жұртшылығын ден саулығынан, бақытынан, жақындары мен мұрат-мақсаттарынан айырмасын.  Әр отбасыда қуаныш болғай…

Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы Алтынбаева Таншолпан Маратқызы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *