QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Сот кабинеті-сервисінің тиімділігі

Автор:QAA.kz

Ноя 26, 2020

Сот кабинеті – халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне арналып жасалған, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы жұмыс істеуде. Бұл сот кабинеті жұмыс ашықтығы мен жариялылығын жетілдіре түседі. «Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде арыз, шағым, өтініш беруге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.

Мысалы, жаңартылған «Сот ісін жүргізу» қызмет көрсетуі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу құқығы салалары бойынша бөліктерді қамтыған, ол тәжірибесі жоқ пайдаланушыға заңдық кеңес алмай-ақ сервисті пайдалану мүмкіндігі ұсынады. Құқықтың әрбір саласында тиісті электрондық қызмет көрсету бар. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне заманауи электрондық технологияларды енгізу халықтың сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде көтеруге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, жалпы кез-келген азамат бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін білгені жөн деп санаймын.

Қызылорда қаласының №2 сотының

бас маман сот отырысының хатшысы Б.Абдуали

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *