QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Бәсекеге қабілеттілік индустриялық саясаттың басты бағыты

Автор:QAA.kz

Ноя 24, 2020

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысымен танысу мақсатында «АГМ табыс» кәсіпорынында болып еңбек ұжымымен кездесті.


Кездесу барысында арнай топ жылжымалы құрам қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, вагонның жауапты бөліктерін жөндеуге бағытталған жұмыстарға көз жеткізді.


Кәсіпорында жолаушылар вагондарын күрделі және деполық жөндеуден өткізу жұмыстары жасалады. Вагон құрастыру, дөңгелек-ролик, арба жөндеу, сырлау, жөндеу-жинақтау секілді 9 цех жұмыс жасайды.
«Индустриялық-инновациалық саясатттың түпкілікті нәтижесі бәсекеге қабілетті болу. Теміржол көлігін жөндеу индустриясы қарқынды дамуды алған күрделі жүйе болғандықтан бұл саланың өндіріс тиімділігі ең алдымен оның техникалық қайта жабдықталуы мен өндірісті ұйымдастыру жүйесінің жетілуіне тікелей байланысты. Сондықтан вагон жөндеудің жаңа технологиясын игеруде жаңа қондырғыларды алып, жаңа технологияны меңгеріп, вагон жөндеудің жаңа, тың белестеріне шығатын жаңа серпілістің басты нәтижелері әлі алда»,- дейді мекеме директоры Құрманғазы Дәуітбаев.


Өз кезегінде индустриялық- инновациалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы бойынша кездесуге келген партия өкілдері өндіріс жұмысын тиянақты ұйымдастырып, өндіріс жоспарын абыроймен орындауға ат салысқан теміржолшыларға ризашылықтарын білдірді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *