QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:QAA.kz

Ноя 23, 2020

Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының партия жұмысын жандандыруға арналған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам — «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасында қоғамның партияға сенімін арттыру, ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейту және әлеуметтік желілердің мүмкіншілігін барынша пайдаланып, ашық форматтағы жұмыстарды жандандыру мәселесі қамтылған.


Елбасы, Партия Төрағасының тапсырмаларын өңірде жүйелі жүзеге асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова жас әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті.


Кездесу барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары Қазіргі уақытта желі әдебі, фейк ақпаратты анықтау тәсілдері, төтенше жағдайда және басқада оқиғалар кезінде ақпараттарды таратудағы медиасауыттылық тұрғысында мәселермен көп кездесеміз. Осы тұста жас әлеуметтік желі белсенділерінің сауатты болуын алға тартып, халықты алаңдататын мәселелерді ашық көтеруге шақырды. Сондай-ақ олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.


Өз сөзінде белгілі журналист, әлеуметтік желі белсендісі Гүлбану Мақажан ақпарат таратуда әліге дейін қарапайымдылық жетіспей жатқандығын айтып, әріптестерін барынша бұқараға түсінікті жазуды ұсынды.
Жалпы кездесу барысында жастар ұсыныстарының барлығы назарға алынды

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *