Қызылорда қаласының әкімі Н.НӘЛІБАЕВ: ҚЫЗЫЛОРДА — ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ҚАЛАСЫ

Елбасының бастамасымен өмірге келген жаңа бағдарламалар мен тың идеялардың ықпалымен, Мемлекет басшысының халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болған Жолдаулары аясында Сыр өңірінің орталығы

— Қызылорда қаласында маңызды мәселелер кезеңкезеңімен шешімін тауып келеді.

Тамаққа талап көп

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі есептік мерзімде 402,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 84,8 пайызды құрады. Оның ішінде, мұнай өндіру 4,4 млн. тоннаны құрап, 653,1 млн. куб метр табиғи газ өндірілді.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 34,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 95,5 пайызды көрсетті. Есептік мерзімде тамақ өнімдерін өндіру 17,1 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 7,1 пайызға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 21,8 пайызға артқан.

Қызылорда күріші сыртқа шығуда

Биыл қалаға қарасты ауыл шаруашылығы құрылымының барлық нысандарында 8746 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, өңіріміздің басты дақылы «Сыр маржаны» биылғы жылы 4075 гектарға егіліп, оның әр гектарынан 52,2 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 20 914 тонна «Сыр салысы» құйылды.

Қалалық шаруалар Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Ауғанстан, Түркіменстан мемлекеттеріне 31 мың тоннаға жуық күріш экспорттады.

Ет те, сүт те көп

700 тонна ет тірідей салмақпен, 4 200 тонна сүт, 508 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 2,2 пайызға, сүт өндіру 2,5 пайызға артты.

Мал көбеюде

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту үшін 115 млн. теңгеге 60 бас аналық сиыр, 1700 бас қой алынды.

Ауылға барды…

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен биылғы жылы 110 маман көтерме жәрдемақы үшін 29,2 млн. теңге алып, 46 маманға баспана алу үшін 184,5 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді.

Кіріс көп

Жылдың басында қала бюджеті 68,9 млрд. теңге болып бекітілсе, бүгінгі күні қала бюджеті 95,3 млрд. теңге болып нақтыланды. Оның ішінде, қаланың өз кірісі 20,3 млрд. теңге болса, трансферттер 54,9 млрд. теңге, субвенция 17,6 млн. теңгені құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 115,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 14,9 пайызға артты. Облыс бойынша Қызылорда қаласының үлесі 53,9 пайызды құрап отыр.

Кеше — құрылыс, бүгін — баспана

Құрылыс жұмыстарының көлемі 41,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 23,2 пайызға артты.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 292 237 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 78,0 пайызды құрады.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артып келеді. Нәтижесінде осы уақытқа дейін қаламызда жаңадан бірнеше шағын аудандар бой көтеріп, 9 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылып, бүгінгі таңда 20,2 млрд. теңгеге 2380 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл саладағы жұмыстардың ең ауқымдысы Сырдария өзенінің сол жағалауында екені белгілі. Жыл басынан бері 16 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 720 отбасы қоныс тойын тойлады.

“Нұрлы жер” жайландырды

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланың инженерлік — коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 4,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Сырдария өзенінің сол жағалауына жылу, электр, газ, телефон, ауыз су және кәріз желілері жүргізілуде.

Қаладағы 32 көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 2 млрд. 35 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыз су аяқталады

«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 601,8 млн. теңге бөлініп, оған Қызылорда қаласының канализациялық станцияларына реконструкциялау, жаңарту және елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар толық аяқталатын болады.

48+7 = 55

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында Қызылорда қаласында 24 млрд. 59 млн. теңгеге 98 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде қала бюджетіне 11 млрд. 951 млн. теңге бөлініп, 55 жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда:

— білім саласы бойынша 2 млрд. 67 млн. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды. Саланы дамытуға бағытталған қаржы есебінен Бәйтерек шағын ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысы басталып, 783 млн теңгеге №23, 43, 112, 173 мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

— мәдениет және спорт саласына барлығы 104,3 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы есебінен А.Тоқмағанбетов, М. Ералиева атындағы және Қосшыңырау ауылдық округіндегі «Абай» мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 33 спорттық ойын алаңы пайдалануға берілсе, 60 ойын алаңы қайта жөндеуден өтті.

— Көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 5,3 млрд. теңгеге, Титов, Гагарин, Шанхай, Әл-Фараби, КБИ мөлтек аудандарындағы ұзындығы 171,8 шақырым 50 көшеге қиыршық тас төселді. Қаралған қаржы есебінен 141 көшеге күрделі және орташа жөндеу жоспарланып, 133 көшедегі құрылыс жұмыстары аяқталса, қалған 8 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

— Абаттандыру жұмыстарына бағытталған 3,7 млрд. теңге қаржы есебінен «Тағзым» мемориалы, «Сыр Ана» монументі, «Темір жол» паркі, Назарбаев даңғылы абаттандырылды. Көппәтерлі тұрғын үй аулаларына 30 спорттық және 3 стритбол ойын алаңдары, 70 аялдама орнатылды. 2 млрд. 143,3 млн.теңге қаржыға 68 көшеге тротуар салынды, сонымен қатар Денсаулық және демалыс паркін абаттандыруға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бағытталып, қазіргі таңда аллея ел игілігіне жұмыс жасауда.

Аталған жобалар аясында барлығы 5379 жұмыс орны құрылды.

Ақсуат – ел бесігі

«Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақсуат ауылдық округіндегі №143 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге және 16 көшенің жол жөндеу жұмыстарына барлығы 462,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда мектептің жөндеу жұмыстары аяқталса, жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Мыңның жұмысы

«Индустриалық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасына сай қалада өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 67,4 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Ондағы 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 7 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1000-нан аса қызылордалық жұмыспен қамтылатын болады.

Кәсіпкерлер картадан ұтып тұр

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы негізінде бүгінгі таңда жалпы құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба қаржыландырылса, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру бағыты бойынша комиссия шешімімен құны 52 млн. теңге болатын 21 адамның жобасы қолдау алды. Екінші деңгейлі банктерде жоба құны 5,2 млрд. теңгені құрайтын 55 жобаның құжаттары қаралуда.

Несиенің де түр-түрі бар

«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» жеңілдікпен несиелеу арқылы ағымдағы жылы құны 411 млн. теңгені құрайтын 11 жоба қаржыландырылды. Мұнымен қоса 1,5 млрд. теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары банктерде қаралып жатыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында қалада (ауылдық округтерді қоса алғанда) жыл басынан бері шағын несиелендіру бағытында 109 жобаға 558 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Жолдан жол болды

Қалада жол жөндеу жұмыстары ең маңызды бағыттардың бірі. Биылдың өзінде жол жөндеуге барлығы 8,1 млрд. теңге қаражат қаралды. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 358,4 шақырымды құрайтын 339 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 141 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасына» сай 4,4 млрд. теңге бөлінген. Бұдан бөлек 147 көшенің орташа және ағымдағы жөндеуіне облыстық, қалалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бағыталған. Қаланың шет аймақтарындағы 50 көшеге 821 млн. теңге бөлініп, тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1,5 млрд. теңгеге Тәуелсіздік даңғылының жалғасы саналатын С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі аралыққа магистралды көше құрылысы да жүргізілуде.

Жарық та текке жанбайды

Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге барлығы 659,3 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ал, жергілікті бюджеттен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қаралған 1 млрд. 93,6 млн. теңге есебінен каналдар мен арықтарды тазалау, көшеттер сатып алу, көше бойларындағы қураған талдарды балақтау, химиялық улау, қала аумағындағы су бұрқақтарды ағымдағы жөндеу күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қаласында денсаулық және демалыс паркін абаттандыруға облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге және «Сыр-Ана» монументі аумағын абаттандыруға 110,6 млн. теңге бағытталып, қазіргі таңда аталған екі жоба ел игілігіне жұмыс істеп тұр.

Қаладағы 823 көшесінің ұзындығы 352,8 шақырымды құрайтын 135 көшесі жарықтандырылған. 59 скверлер мен аллеялар және 86 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына жарық бағаналары қойылған. Бұл нысандарды күтіп ұстауға қалалық бюджеттен 580,9 млн. теңге қаралды.

Өткен жылы ғана Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, қала маңындағы саяжайлар қаланың теңгеріміне алынған болатын. Бүгінгі күні «Орбита», «Еңбек», «Болашақ», «Эдельвейс» саяжайларының инженерлік инфрақұрылымдық желілерін дамытуға жобалық сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптамасын әзірлеуге қалалық бюджеттен 66,5 млн. теңге бөлінді (ауыз су, тас жол, электр энергиясы). КОПЭС және Ягодка саяжайларына баратын жолға орташа жөндеу жұмыстарын бастауға қалалық бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.

(Қала әкімі Н.Нәлібаевтың қалалық мәслихат депутаттары алдында жасаған есепті баяндамасынан)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here