Қоғамдық көліктерде мониторинг жұмыстары жүргізілді
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсарту негізінде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің қол жетімділігі мен сапасын назарға алды.


Мониторинг жұмыстары кезінде қаладағы қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-кіруіне қажетті техникалық жабдықпен қамтамасыз етілуі және олардың сапалы қызмет жасауы тексерілді. Қоғамдық көлік тасымалдаушылары тарапынан қызмет көрсету деңгейі де бақылау жұмыстарына бағытталды.


Айта кетейік, жақында қала тұрғындарына қоғамдық көліктерге деген сұраныстарын қанағаттандырып, жолаушыларға тиесілі мүмкіндіктіктермен толық қамтамасыз ету мақсатында үлкен сыйымдылықтағы автобустардың қатары толыққан болатын.

А.ӘЛИАРЫСТАН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here