Ынтымақ, бірлік, келісім — ең басты байлық ел үшін

0
50

Қаламыздағы Этностар арасындағы келісім мен татулықты нығайту — әрбір партия алдында тұрған ең маңызды ісі міндеттердің бірі.
Осы орайда «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында «Ынтымақ, бірлік, келісім — ең басты байлық ел үшін» атты тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен дөнгелек стол басында кездесу өтті.
Кездесуде қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әкбарұлы қазіргі уақыттағы ең басты мәселе ұлтаралық келісім мен халықтар достығы екенін тілге тиек етті. Сөз бен істің үйлесімділігі бар жерде береке орнайтыны айтылды. Басқосуда ұлтаралық татулықтың қадірін бағалай білу бақытқа бастайтыны, сол үшін өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтудың мән-маңызы айрықша екені баяндалды. Жиын барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері де өз ойларын ортаға салды.

А.ӘЛИАРЫСТАН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here