Әзірше коронавирустың ықпалы сейілер емес. Тажалдан қашпақ ниетте вакциналар да салынды, басқа да амалдар ғалымдардың арқасында ойлап табылды. Алайда, алғашқы күні-ақ вакцина салдырған бірнеше науқастар көз жұмды. Бұл тұста, қазіргі жағдайды ескере отырып вакцинаның қауқарсыз екенін әлем ғалымдары айтуда. Бүгінгі күнді жеңуге көненің ғалымдары керегі анық.

18.11.2020 күнгі мәлімет бойынша соңғы тәулікте Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 682 науқасқа көбейді. Бұл күнге дейін елімізде 122 мыңға жуық адам вирус жұқтырған екен. Олардың 110 мыңнан астамы аурудан айықса, 1899-ы бұл дүниемен қош айтысыпты. Ал нақ қазіргі сәтте еліміздегі вирус жұқтырғандар саны 9 601 адамды құрап отыр.

Қарашаның 16-сында әлемнің мегаполистеріндегі белсенділік көрсеткішіші жария етілген болатын. Бірінші орында Стамбұл 86 пайызбен алда тұр. Екінші орында 80 пайызбен Ташкент қаласы тұрса, үшінші орында 79 пайызбен Нұр-Сұлтан қаласы жайғасыпты.

Ғалам бойынша бұл уақытқа дейін 55 943 083 адам вирус жұқтырған. Олардың 38 476 862-сі аурудан айықса, 1 343 376-сы қайтыс болған. Дәл қазіргі сәтте әлем бойынша науқастардың саны 16 122 845 адамды құрап отыр.

Күні кеше Мексиканың өзінде науқастардың саны миллионнан асып жығылды. Мексика үкіметі тиісті сақтық шараларын күшейтуде. Ал Франциядағы жағдайға үкіметі дән риза. Бұл жақтағы жағдай расында қуантарлық. Наурыз айында Франция үкіметі қабылдаған локдаунның арқасында бүгінде науқастар саны күннен күнге азаюда.

Министр Веранның айтуынша әзірше босаңсуға болмайды. Вирусты жеңетін күннің ауылы әлі алыс. Келесі жылдан бастап Францияның денсаулық саласындағы ірі төрт фирмасы вирусқа қарсы вакцинаның жобасын жасап, үкіметке ұсынатын болады.

Естімеген елде көп, Ұлы Британияның премьер министрі Борис Джонсон 12-ші қарашада депутат Ли Андерсонмен кездесу өткізген болатын. Артынша Ли Андерсоннан вирус анықталған еді. Мұны естіген Джонсон дереу оқшауланып, уақытша жұмысын тоқтатқан көрінеді. Қазіргі күні ол өзін жақсы сезінуде. Әзірге Джонсонда ешқандай вирустың белгілері анықталмады. Жалпы Борис Джонсонның өзі алғашқылардың бірі болып вирус жұқтырған еді. Бұл наурыз айының аяғы болатын. 6-шы сәуірде оның жағдайы ушығып, реанимациядан бір-ақ шықты. Сол кезде ол расында өлім аузынан аман қалған болатын.

Ал Түркиядағы көрсеткіш күннен күнге даму үстінде. Мәселен, қарашаның 15-інде бұл жақта 3223 науқас тіркелген, ал 16-шы қарашада 3316 науқас тіркелген. Байқалғандай Түрік еліндегі көрсеткіш жүздеген науқасқа күн сайын ұлғаюда. Алайда, қарашаның 17-сіндегі көрсеткіш әлдеқайда көп болды. Бір тәулікте 3819 адам індет жұқтырды. Бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда 500-ге жуық адамға артық. Бұған ұқсас көрсеткіш сәуір айларында болған еді.

Қазіргі күні түрік үкіметі туристер үшін шекараны жауып тастады. Сонымен қатар, ел ішіндегі қалааралық қатынас жолдарын да жабу көзделуе. Ең алдымен Стамбул секілді ірі қалаларда қатаң талаптар енгізілмек.

Ал Ресейдің премьер министрі Мишустин барлық жауаптыларға 18інші қарашаға дейін Ресейдің барлық аймағында науқастарға резервтік жатын орындардың толық іске асуын тапсырды.

Сонымен қатар, Мишустиннің тапсырмасымен екінші толқынға қайта зерттеу, зерделеу жұмыстары жасалып, жатын орындардың 90 пайызға толғандағы ахуалдың алдын алу жоспарлануда. Ал ел астанасы Мәскеуде 17-сіне қараған түні 76 адам індеттен көз жұмып, науқастар саны 8009-ға жетті.

Ал АҚШ-тың 18-не қараған түнгі көрсеткіші мүлдем басқа. Бұл жақта 16-шы қарашада 158 мың адам індет жұқтырса, 17-інші қарашада олардың саны 135 мыңға түсті. Қызығы сол, 18-і күнгі көрсеткіш 19 301ге түсіп отыр. Олардың бізден не жасырғаны бар?…

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here