QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы

Автор:QAA.kz

Ноя 13, 2020

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тараптынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Қоғам адамдардың қауымдастығы болғандықтан адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этиканы сақтайды. Этика дегеніміз — тәртіп сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдардың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты.

Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екі жүзділікке, өтірік айтуға, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық тіпті де жараспайды. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Мемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым – қатынаста болу, кез келген жағдайда жол таба білу, өз сенімін басқара білу.

Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назарды аудартады. Мемлекеттік қызметші әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Қызмет орнында өзін-өзін ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыләрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу анық әрі түсінікті түрде сөйлей білу– осылардың барлығы жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады. Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді. Әдеп кодексінің жаңа реакциясына сәйкес

Әдеп жөнінде уәкіл енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мелекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарымен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет туралы әркез айтылып келеді. Халқымызда «айтылмаса сөздің атасы өледі» деген қанатты сөз бар. Қайталау білімнің анасы деп жатады. Осы орайда, мемлекеттік қызметтің маңызы мен мәні туралы әрдайым айтылуы мемлекеттік қызмет табалдырығын енді аттаған жастардың біліктілігін шыңдап, өз жұмысына деген махабат ұялататындығы сөзсіз.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі А.Күншығарова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *