QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Автобус паркінің парқы асқақтады

Автор:QAA.kz

Ноя 13, 2020

Қызылорда автобус паркінде үлкен мейрам. Жолаушылар тасымалына жаңадан 13 автобус қосылды. Дәл бұндай автобустар бұл күндері қаламыздың тұрғындарына қызмет етуде. 2013 жылға дейін шешуін таппаған мәселің бірі осы жолушылар тасымалы болатын. Бұрынғы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының бастамасымен сол уақытта қаламызға жаңа автобустар алынған болатын. Қазіргі күні жеке тасымалдаушылардың халыққа ұсынып отырған көліктерінің тозығы жеткені өтірік емес. Кезең-кезеңімен бұл мәселелер өз шешімін тауып келеді.

Шараға аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы мен қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қатысты. Шара барысында аймақ басшысы жаңа автобустарды үлгілі, үздік жүргізушілерге табыстады. Жаңадан қосылған барлық көліктер қаладағы нөмірі 1-інші бағыт бойынша жұмыс жасамақ.

“Соңғы жылдары облысымыздың экономикасы дамып, әлеуметі артып келеді. Қаламызда инфрақұрылымды дамыту секілді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Автобус әрі қарайда жаңартылатын болады. Арасында тозатыны бар, істен шығатыны бар. Сондықтан, тұрғындарға қолайлы жағдайдың барлығын жасаймыз. Соның барлығын сіздермен бірге іске асырамыз деген ойдамын. Құтты болсын!”,-деді аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы.

Автобустарға GPS  қондырғысы орнатылған. Соңғы жылдары автобустар құрамы 122 жаңа автобуспен толыққан еді. Аталған автобустар Семей қаласындағы “СЕМАЗ” ЖШС-де құрастырылған. Бұл тұрғыда облыстық бүйжеттен 209 миллион теңге, ал автопарк бүйжетінен 242 миллион теңге бөлінген.

“2013 жылы Қызылорда қаласында жаңа автобус паркі құрылған болатын. Алдағы жылға жаңадан 80 автобус алу бойынша сұраным берілген. Карантин жағдайына байланысты жеке тасымалдаушылардан 250 көлік, ал автобус паркінің тарапынан 65-68 көлік шығарылып отыр. Қаладағы көліктерді жаңалау бойынша тиісті тасымалдаушы инвесторлармен келіссөздер жасалып жатыр. Мемлекет тарапынан тиісті көмектер болса, бұл іс жолға қойылмақ”,-дейді “Қызылорда  автобус паркі” ЖШС-нің директоры Нұржан Ахатов.

Автобустардың ішкі жабдықтары жолаушыларға арнайы жасалған. Сондай-ақ, мүгедек жандар үшін пандус қарастырылған. Аталған автобустардың барлығы табиғи метан газымен жүреді. Көліктердің 55 жолаушыға дейін сыйымдылық мөлшері белгіленген.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *