«ForteBank» клиенттеріне жаңа қызмет түрлерін ұсынуда

0
104

«Forte Bank»-тің Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Е.Т.МҰСАБАЕВ:

«ForteBank» клиенттеріне жаңа қызмет түрлерін ұсынуда

«Forte Bank» АҚ өз клиенттерінің, инвесторларының және серіктестерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тәуелсіз аудиторлық компанияларының қатысуымен «Forte Bank» АҚ активтерінің сапасын бағалау мақсатында (AQR) талдау жұмыстары жүргізілгені белгілі. Нәтиже бойынша Банктің тұрақты түрде жұмыс жасап жатқаны ескеріліп, талап етілген нормативтік, реттеулік және пруденциалдық капиталдардан едәуір асып түскендігін растады. ForteBank Euromoney Institutional Investor PLC тобына кіретін «AsiaMoney»-дің сараптамасына сәйкес үздік отандық Банк деп танылған болатын. Осы орайда, аталмыш Банктің біздің өңірегі филиалының жұмыс қарқыны турасында білу мақсатында басшымен әңгімелестік.

— «Форте күндері» акциясы аясында 7 миллионға дейінгі несилер рәсімделуде. Бұл кредиттің ерекшелігі неде және қай уақытқа дейін жалғасады?

— «Forte күндері» акциясының мерзімі шектеулі, сондықтан осы берілген 10 күндік акцияны пайдаланып, облыстың тұрғындарын төмен пайызды тиімді несиені рәсімдеуге шақырамыз. Науқан кезеңі 19-30 қазан аралығын ғана қамтиды.

— Облыс тұрғындары тарапынан бұл акция аясында кредит алу көрсеткіші қалай жүзеге асуда?

— Акцияның алғашқы күндерінде ғана облыстың 100-ден астам тұрғыны жеңілдік шарттарын пайдаланды. Клиенттер ағыны үлкен, барлығы жеңілдік шарттарын пайдаланғысы келеді, себебі облыс тұрғындарына өздерінің қарыздарын ForteBank-тен бір несиеге қайта қаржыландыру арқылы төлемдер бойынша қарыз жүктемесін азайтудың ерекше мүмкіндігі бар.

— Менің ойымша, акция турасында ақпараттандыру жүйесі бәсеңдеу секілді?

— Мен олай демес едім. Өйткені, Сыр өңірінде тұрақты жұмыс жасайтын тұрғындардың акцияны уақытында пайдалану үшін ақпарат құралдары арқылы бейнебаян және аудиохабарламалар арқылы жарнама жұмыстары жүруде. Атап айтар болсам, қала бойынша үлкен сауда орталықтарында сағат сайын аудиохабарлама арқылы ақпараттар жиі таратылуда. Біз бұл жұмысқа да аса мән береміз.

— Аталған несиені алудың негізгі жолдары қандай?

— Клиенттерге несиені алудың ең тиімді жолдарын әртүрлі бағытта қарастырдық. Ол үшін тұтынушылар Банк бөлімшелеріне келмей-ақ ұялы байланыс телефоны арқылы арнайы Банк желісіне тапсырыс беріп несие рәсімдей алады және қала орталығындағы Банк бөлімшелерінен жеке төл құжатымен келіп несие рәсімдеуге болады.

— Кредит берудің бұл әдісінің банк үшін тиімді және тиімсіз тәсілдеріне тоқталып өте аласыз ба?

— Акция уақытында несиенің тиімді әрі жеңілдетілген пайызбен және белгіленген жоғарғы сумма 7 000 000 теңгеге дейін алуға болады, бұл максималды сумманы акция уақытында ғана пайдалана алады. Ал ағымдағы уақытта максималды сумма 5 000 000 теңгеге дейін белгіленген.

— Жоғарыда атап өткен жедел несиенің тұтынушылар үшін тиімді шарттары қандай?

— Акция уақытындағы жедел несиенің тиімді жылдық мөлшерлемесі 7,3% -дан басталады. Тиімді мөлшерлеме акция уақытында ғана қол жетімді. Осынысымен қолайлы деп атап өтер едім.

— Жыл басынан бері Форте банкке тиесілі несиелік портфель өсімі қалай болды? Көңіл қуантарлық па?

— Әрине, Сыр өңіріндегі екінші деңгейлі банктер арасынан Forteбанк АҚ филиалы өзінің тиімді өнімдерімен және жаңашыл қызмет түрлерінің арқасында банк клиенттерінің саны артуда.

— Демек, сіздерде салыстырмалы көрсеткіш жоғары дейсіз ғой. Банктегі межелі мақсаттың орындалуына пандемия уақыты да аса кері әсерін бермеді деген түсінік қой?

— Иә, көрсеткіш тұрақты деңгейде жүруде. Сонымен қатар жаһандық пандемия кезінде Банк басшылығының жылдам қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруының арқасында Банк жұмысы тұрақты жүргізілуде.

— Жасыратыны жоқ, бұған жоғарыда сөз болған белгілі бір мезгіл көлеміне жүзеге асырылатын акциялар, жедел несиелер себеп болады ғой?

— Дұрыс айтасыз, уақытында ұйымдастырылған Акциялардың себеп болуымен банк клиенттері қаржылық жағдайын тұрақтандырып оның ішінде қайта қаржыландыру арқылы төлем қабілетін жеңілдету мүмкіндіктеріне ие болды.

— Эпидахуалға сәйкес, «Forte Bank» өз тұтынушыларына арнап қандай жеңілдіктерді жүзеге асырды немесе әлі қандай тиімді бағыттарын ұсынуда?

— Эпидахуалға сәйкес, «Forte Bank» өз тұтунышыларына көптеген жеңілдіктер мен тиімді бағыттарды ұсынады, оның ішінде:

* Курьерлік жеткізу сервисін, яғни рәсімделген банк тауарын тұтынушыға қала ішінде курьермен жеткізу;

* Барлық төлемдерді мобилді интернет қосымшасы арқылы комиссиясыз төлеу, оның ішінде коммуналдық төлем, салық төлемі, мобильді бірлікті толықтыру, карталарға ақша ауда­рымдар, анықтамаларды алу және тағыда басқа қызмет түрлерін алу арқылы өз уақыттарын және қаржыларын үнемдеу мүмкіндігі. Пандемияға қатысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Банк онлайнарналар арқылы өз өнімдерін белсенді түрде жарнамалауда. Осы жылы Банк өзінің функционалдығын жақсарта отырып, мобильді қосымшаны толығымен жаңартты. Үйден шықпай «ForteBank» мобильды қосымшасы арқылы біздің клиенттеріміз карточка шығара алады, депозиттер ашып несие рәсімдейді, әлемнің кез келген нүктесіне ақшалай аударылымдар жасап, коммуналдық қызметтерді төлей алады және Fortemarket-те төлемді бөліп төлеу арқылы, тауарларды сатып алады. Ол үшін https://my.forte.kz cілтемесі бойынша мобильды қосымшаны жүктеп алу қажет. Осылай, «ForteBank» АҚ біздің клиенттерімізге үнемі жаңа қызмет түрлерін ұсынуда. Біздің банкте облыс тұрғындары өзінің кез-келген қажеттілігін қанағаттандыратын қызмет пен өнімді пайдалана алады.

— Біздің облыс тұрғындарының бұл әдісті игере алу қабілеттерін қаншалықты бағалайсыз?

— Ақпараттық технологияның тез даму үдерісінде жоғарыда атап өткенімдей Forte.kz желісі арқылы банк клиенттері өз қажеттіліктерін тез әрі оңай рәсімдеп ала алады. Банктің жаңа қызметтерін қолдануға халықтың қызығушылығы еселеніп, тапсырыстар күн сайын артуда. Біздің облыс тұрғындарының бұл әдісті игере алу қабілеттері жоғарғы деңгейде. Казіргі таңда әр 10-шы өтініш онлайн түрде беріледі. Сұхбат арқылы облыс халқына мына мәліметтерді атап өтейін. Тұтынушылар «Forte Bank» несиелерін онлайн рәсімдеу үшін, ҚР барлық операторынан тегін негізде қоңырау шалуға болатын 7575 нөмеріне хабарласу арқылы немесе «Forte Bank» мобильді интернет қосымшасы арқылы өтініш бере алады.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан А.ӘЛИАРЫСТАН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here