Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек

0
83

Елімізде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бекітілсе, оның басты мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін барлық қоғамды тарту болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекетімізде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында мемлекеттік органның оң, ашық бейнесін құруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

Елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды іске асыратын уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл дерттің жаппай жою жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санатын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады. Ол үшін, ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол берілмейді.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Адам ресурстары басқармасының

Қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы Е.А.Есжанов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here