Коронавирус індетінің жаңа белгілері пайда болды. Жапониялық ғалымдардың айтуынша әбден жетілген, дамыған індеттің адамға келтірер зияны шаш етектен. Мәселен, шаштың түсуі, ауа жетіспеушілігі, дәм сезбеу және әлсіздік адамдарды ұзақ уақыт бойы қуаламақ.
Зерттеушілердің айтуына қарағанда індетке шалдығып, артыша жазылып шыққан адамдардың басым бөлігінде дәм сезбеу 2 пайызға, әлсіздік 10 пайызға, жөтел 4 пайызға сақталады екен.
Бұған ұқсас жағдайлар Эбола індетінде ғана кездеседі.
Соңғы кезде індеттен айыққан адамдардың 4/1-і шаштарының түсіп жүргеніне шағымданыпты.