Қашықтан оқитын қала оқушыларының халі қалай?

0
211

Қашықтан оқу жүйесі енгізілгелі электронды техникалық құрал жабдықтар көпшілік үшін маңызды мәселенің біріне айналды. Онлайн оқу барысында ата-аналар ұстаздардың қадірін қаперге алып ғана қоймай, техниканы оңтайлы пайдалана білу маңыздылығын да ұғынды. Әйткенмен, смартфон, компьютер, ноутбук сынды қашықтан оқуға қажетті құралдар бірінің үйінде болса, енді біріне қолжетімсіз күйде.

Қала оқушыларының кедергісіз, әрі сапалы білім игеруі үшін қалалық білім бөлімі кезекті жоспарды жүзеге асырды. Айталық, бөлім тарапынан қаладағы аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға аталған техникалық құрал жабдықтарды үлестірілуде.

Бүгінде қалалық білім бөліміне республикалық бюджеттен 5946 электронды техникалық құрал жабдық әкелінген. Сарапшылар ол жабдықтарды қабылдар алдында жарамдылығын бақылауға алады. Содан кейін ғана оқушылардың игілігі үшін пайдалануға беріледі. Айта кету керек, бөлім тарапынан жеткізілген жаңа жабдықтардың жағдайына ата-ана мен оқушы тікелей жауапты. Қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева сол себепті әр оқушы құрылғыларды күтіммен қолданған жөн дейді.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева:

— Бұл құрылғылар оқушыларға тек оқу мерзімінде ғана пайдалануға беріледі. Қашықтықтан оқыту режимі аяқталғаннан кейін техникалық құрал жабдықтардың барлығы мектеп баланысына қайтарылады. Бүгінде 2948-ы үлестірілді. Нақтырағы, оқушыларға 700 компьютер, 1248 планшет және 1000 ноутбук таратылды . Әлі де толық қамтылатын болады.

Облыс орталығына барлығы 5946 техникалық құрал жабдық келсе, оның 962-і компьютер, 1248-і планшет және 3736 ноутбук. Электронды техникалық құралдарға түгелдей арнайы бағдарламалар енгізілген. Сондай-ақ, ғаламтор кеңістігін де кедергісіз пайдалана алады.

А.ӘЛИАРЫСТАН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here