Отан – отбасынан басталады

0
182

«Отан – отбасынан басталады» деп кеткен ата-бабаларымыздың сөзінде терең мағына жатыр.Отанымыздың іргетасы отбасын сүюден, отбасына деген яғни әке мен анаға деген махаббаттан басталады. Отбасы – ол біздің жанымыз жабрқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз.

Отбасы- біздің шағын Отанымыз. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке.

Әке отбасына қатысты барлық мәселені шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ отбасы мүшерлерінің өз міндеттері бар. Әрбір отбасы мүшесі өз отбасы үшін жанын қиюға даяр тұрады. Отбасы мүшелерінің бақытқа қол жеткізуі, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен бауырмашылдығында.

Сондықтан отбасы мықты болса, одан құралған отанымыз қоғамымызда соншалықты мықты әрі берік болмақ. Яғни мықты қоғам, жақсы отбасыдан басталады.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отанымыз. Себебі, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік отбасында қалыптасып, сол жерден бастау алатыны шындық. Отбасында біз әлеуметпен қарым-қатынас жасайтын алғашқы дағдылар пайда болады.

Отбасы мүшелерінің бақытқа қол жеткізуі, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен бауырмашылдығында.

«Отан – отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермекте емес. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды ұмытпаған жөн. Ол халқымыздың тарихымен бірге қайнап, пісіп шыққан отбасылық дәстүрлер, отбасы мәдениеті мен ұлттық тәрбие. «Әке –асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала жағасындағы құрақ» деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай.

Әрбір отбасында бала тәрбиесінде отанды құрметтеуді, отан алдында борышынды ұмытпау керек екендігін әрдайым еске салып отырған жөн.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы Қ.Сақтағанова

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here