Мемлекеттік қызметші — халық қызметшісі

0
168

Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан да, кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда, жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет болу керек. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.

Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.

Осы бағыттағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болды.

Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға және ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін қорғау қажет.

Сондықтан, біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, әр істе әділ болып, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда мемлекеттік қызметкерлер халыққа жақын болады.

Мемлекеттік қызметші әрдайым халыққа жақын болуы керек. «Ұлық болсаң, кішік бол» демеуші ме еді халық.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының

бас маман — сот отырысының хатшысы

Асылбекова Нургул Онталаповна

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here