Техникалық сараптама жүргізу тәртібі

0
187

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 25-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Техникалық сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі — Қағидалар) 4-тарауының 3-параграфымен айқындалған.

Қағидалардың 437-тармағына сәйкес уәкілетті адамдардың (сарапшылардың, сараптама ұйымдарының) тізімін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы қалыптастырады.

Осыған байланысты, Департаментпен техникалық сараптаманы жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалардың (сарапшылардың, сараптамалық ұйымдардың) тізімі қалыптастырылды.

Қазіргі уақытта осы өңір бойынша техникалық сараптаманы жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар құрамына 15 сараптамалық ұйым және 2 сарапшы кірді. Департамент сараптамалық ұйымдардан келіп түскен өтініштерді ескере отырып, тізімді үнемі жаңартып отырады және beta.egov.kz сайтына орналастырады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here