Жылудың лебі сезілмесе…

0
165

Жылу маусымы басталғалы тұрғындардың жылу жайлы пікірін әлеуметтік желіден жиі байқайтын болдық. Жауаптылар жылудан мәселе болмасын деп, арыз-шағымдарды қарастырудамыз дейді.

Осы уақыттың өзінде қалада 713 көп қабатты үйге жылу берілген екен. Аталғандай жылу маусымы оныншы қазанда іске қосылған болатын. Кей тұрғындарға жылу одан екі-үш күн кеш барыпты. Осы орайда Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов былай дейді.

«Алдымен жылу маусымы басталған жағдайда біз халықтың ең көп шоғырланатын аймақтарын жылуға қосамыз. Олардың басым бөлігі маңызды мекемелер. Атап айтқанда  білім беру нысандары, денаулық сақтау нысандары және мәдениет пен спорт мекемелері бар. Барлық қаланы бір күнде жылуға қосу мүмкін емес».

Облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарында жылу қамтамасыз ету үшін 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын алынды.

Қала тұрғындарына 113 мың тонна көмір жеткізілді. Қазіргі кезде көмірдің бағасы 13 500 – 17 000 теңге аралығында.

Сала мамандарына үйдегі жылудың әлсіздігі, бір бөлмеде жылу болса, екіншісінде жоқтығын айтып шағымданып жатқандар бар екен. Адами тілмен айтқанда жылу пәтер қабырғаларына сіңіп, бойын жылыту қажет. Демек, бір-екі күнде жылу мәселесі жүйеленеді. Бұл уақытта мекеме мамандары тексеріске шыққан.

Көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын пәтер иелерінің біразы газге есептегіш құрал орнатқысы келетін көрінеті. Бұл орайда, толықтай үй тұрғындарының үштен екісінің келісімін алып, «Қызылордажылуэлектрорталығына» арыз жазу қажет. Өз қаражаты есебінен есептеуіш құрал алып орнату керек. Жылу мекемесінің мамандары келіп, есептеуіш құралға пломба бекітіп, іс-қағаздарды заңдастырады.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here