Электронды қызмет көрсету — заман талабы

0
116

Әлемнің дамыған елдері секілді елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі таңда заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізіліп келеді.

Бұл цифрландыру саясаты нормашығармашылық қызметте де тыс қалмады, мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі – НҚА) ресімдеу, келісу және тіркеуге ұсыну процедуралары автоматтандырылды.

Осыған орай, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА әзірлеу мен келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысына сәйкес:

Кәсіпкерлік субъектіге қатысты реттегіш құралды және оған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісу үшін жіберілгенге дейін Кодекстің 82 және 83-баптарының талаптары ескеріле отырып, реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган Кодекстің 64 және 66-баптарында анықталатын тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасының және осы органның жанындағы сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын алуды қамтамасыз етеді. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталында орналастырылады.

Әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ алынған қоғамдық кеңестердің ұсынымдары немесе сараптамалық кеңес мүшелерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындылары әзірлеуші мемлекеттік органға ұсынылған жағдайда, оларды қоса бере отырып әділет органдарына келісуге жіберіледі.

Келісу барысында алынған ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен келіскен жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган әділет органдарына нормативтік құқықтық актінің пысықталған жобасын жолдайды. Алынған ұсынымдармен және/немесе сараптамалық қорытындылармен келіспеген жағдайда, әзірленген жобаға әзірлеуші мемлекеттік органның тиісті мүдделі органдардың және ұйымдардың атына жауаптары тиісті негіздемелермен қоса беріледі.

Әділет органдарынан ескертусіз келісу туралы жауап алынғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасы түпкілікті келісілген болып есептеледі.

Еліміздегі жүргізіліп жатқан нормашығармашылық қызметті цифрландыру бағытындағы оңтайлы қадамы — халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті ұлттық заңнаманың жоғары деңгейде болуын, жеке кәсіпкерліктің дамуына, сондай-ақ құқықтық мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанның одан әрі өркендеуіне қосар үлесі орасан зор екеніне сенемін.

Қызылорда облысы Әділет

департаментінің бас маманы

Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі

Бодыбаев Нұржан Айтбайұлы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here