ДАУДЫҢ БАСЫ – ТАУЛЫ ҚАРАБАХ

0
194

Қазанның 13-іне таңертеңгі ақпарат бойынша Арменияның Қорғаныс Министрлігі армян әскерилері Геранбой, Тертер, Агдам аудандарында атыс жасап жатыр деп ақпарат таратты. Сондайақ, кейінірек Агджабек жақта да атыс болып жатқандығы айтылды.

Ал Армения Қорғаныс Министрлігінің ресми өкілі мұны жалған дейді.

Жалпы биылғы жылдың қыркүйегінің 27-нен бері Таулы Қарабахтың бейбіт өмірі бұзылды. Сол күні шілдеден бері шиеленісіп келе жатқан армянәзірбайжан қақтығыс жағдайы шегіне жеткендей. Әзірбайжан армян әскерлері бірінші болып оқ атты десе, Армения Үкімет басшысы Н.Пашинян әзірбайжан әскерлері бірінші болып бастады дейді.

Бұдан біраз уақыт бұрын 1988-ші жылдың 20 ақпанындағы Таулы Қарабах автономдық облысының кеңес депутаттары КСРО, Армения, Азербайжан билігіне армяндар көп қоныстанған Таулы Қарабахты Арменияға беру жөнінде өтініш еткен. Алайда СОКП ОК Саяси бюросы бұған келісім бермеген. 1989-шы жылдың желтоқсанында Армения мен Таулы Қарабах автономды облысы Таулы Қарабахты Армения құрамына кіргізу туралы бірлескен қаулыға қол қояды. Әзірбайжан бұған жауап ретінде Қарабах шекарасын артеллериялық атыс ошағына айналдырады. 1990-шы жылдың қаңтарында КСРО Жоғарғы кеңесі қақтығыс аймағында төтенше жағдай жариялайды.

1991-ші жылдың сәуір мен мамыр айларында Қарабахта Әзірбайжан омоны мен КСРО ІІМ әскері күшімен “Сақина” операциясы жүреді. Үш апта ішінде Қарабахтың 24 ауылының армян тұрғындары депортацияға ұшырайды, 100-ден астам адам қаза болады. Мәскеуде 1991-ші жылғы тамыз путчы орын алғанша Қарабах қақтығысына қатысушыларды қарусыздандыру науқаны жүргізіледі.

1991-ші жылдың 2 қыркүйегінде Степанакертте Таулы Қарабах республикасының құрылғаны жарияланады. Алайда, Баку мұны заңсыз деп таниды. Әзірбайжан, Таулы Қарабах пен оны қолдаушы Армения арасында басталған соғыстың салдарынан әрқайсысынан 15 мыңнан 25 мыңға дейін адам қаза болады, 25 мыңнан астам адам жарақат алады, жүз мыңдаған бейбіт тұрғын мекенінен қоныс аударады. 1993 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі аймақта атысты тоқтату туралы төрт қаулы қабылдады.

1994-ші жылдың 5 маусымында үш жақ мәмілеге келу жөнінде келісімге қол қояды. Келісім бойынша Әзірбайжан Таулы Қарабахқа ықпалынан айырылады. 2014-ші жылдың қарашасында Таулы Қарабахта Әзірбайжан әскерилері армяндардың Ми-24 тікұшағын атып түсіргеннен кейін екі ел арасындағы жағдай қайта ушығады. Жыл бойғы әлсін-әлсін болған атыс салдарынан қаза болғандар да, жарақат алғандар да жетерлік.

2016-шы жылдың 2-ші сәуірге қараған түні қақтығыс аймағындағы ұрыс қимылдары орын алған. Армения Қорғаныс Министрлігі Әзірбайжан танк артиллерия, авиация күштерімен шабуылға шықты десе, Баку миномет пен пулеметпен атқылағанға жауап ретінде күш қолданылды деп хабарлады.

Сәуірдің 3-не Әзірбайжан жағы әскери қимылын тоқтатқандығы жөнінде біржақты мәлімдеме жасағанымен, Ереванда, Степанакертте ұрыс қимылдары жалғасып жатқаны жарияланды.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша 200-ден аса адам зардап шегіп, 30-дан аса адам қаза болған.

Сәуірдің 5-не басқалар республика деп тани қоймаған Таулы Қарабах қақтығыс аймағында ұрыс қимылдарын тоқтатуға келісім жасалғанын мәлімдеді. Армения да бейбіт мәмілеге көшу туралы екі жақты құжаттың дайындалып жатқанын жария етті.

2020 жылдың жазында қақтығыс тағы шиеленісті. Шілденің 12-сі мен 16-сы аралығында армян-әзірбайжан шекарасында атыс тоқтамады. Екі жақтан да қаза болғандар бар. Баку Ереванға, Ереван Бакуге кінә артты.

Ақыр соңы қыркүйектің 27-сіндегі жағдайға әкелді. Тағы да қаза болғандар, жараланғандар, қираған үйлер, үйіндіге айналған ғимараттар. Танк, авиация, артиллерия қатысқан ауыр соғыс зардаптары. Тағы да бір-бірін айыптау, кінәлау…

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here