Газбен уланудан екі адам зардап шеккен

0
171

Қыстың кезі оттың салдары қозып, талай өрт оқиғаларына  әкеп соғуда. Оның үстіне газ жылуына қосылғалы жеке тұрғын үй секторларында газ бен түтінге тұншығу фактілері жиі кездесуде.

Бұл жылы бақандай жиырма жеке тұрғын үйлер де өрт оқисы тіркелген.  Көп пәтерлі тұрғын үйлерде 21 өрт оқиғасы орын алған.  Уақытша үйде он және сарайда жиырма екі оқыс оқиға болған.

Кейде өрт оқиғалары адами факторлар есебінен де болады. Осы жылы екі өрт оқиғасы әдейі өртеу фактісі бойынша тіркелген. Тұрмыстық пешті пайдаланудағы ағаттық салдарынан 8 өрт оқиғасы орын алған. Ал отпен абайсызда болған өрттің саны жетпіс төртке жетіп отыр. Оның ішінде жеті оқиға балалардың отпен ойнауынан болған.

Тұрғын үйлерде газбен уланудан 2 адам зардап шеккен. Өткен жылғы көрсеткіш саны жетіге жетіп отыр. Оның ішінде 4 бала бар.

Қазіргі кезде жағдайы төмен отбасылардың тізімі алынып, мемлекет тарапынан олардың мұржалары тазартылуда. Негізі, мұржаны ай сайын тазартып тұрған жөн. Бітелген мұржа пештің түтінін үйге кері айдауы мүмкін. Сондықтан, тұрғындардың 12279-ы араналып, түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Ал «АЛАУ ГАЗ-АЙМАҚ» ЖШС Қызылорда облысы филиялымен бірігіп тұрғын үйлерде көмір қышқыл газы мен түтінді анықтайтын датчиктер орнатылуда. Бас аяғы 500 датчик орнату жоспарлануда. Әзірше 198 датчик орнатылған.

Газ пешінің істен шығып, иісі шыққанын сезген жағдайда тұрғындардан 104 телефонына хабарласуды сұраймыз.

Ең маңыздысы, қала көшелерін көркейту мамандары, көше тазалаушы қызметкерлер қоқысты көрінген жерде өртей салатыны өтірік емес. Нақты дәлел жоқ, десе де келеңсіз жерде қоқыс өртеу салдарынан бейіттер құртылуда. Оның ішінде екі қазақ бейіті бар. Жақында ғана, орыс бейтінің өртенуі талайдың ойынан кетпеген болар. Қазіргі күні оның салдары анықталмады. Десе де, өрт болмас бұрын сол аумақта екі адамның жүргенін көргендер бар.

Сондықтан, мамандар қыс мезгілінде өрт оқиғасының өршитінін ескерте отыра, тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауын сұрайды.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here