Қытайлық вирусты жеңген кім?

0
233

Короновирус індеті таралғалы әлемде небір қызық жағдайлар орын алуда. Ең басты мәселе бетперденің жетіспеушілігі еді. Тіпті бетперденің сәнге де айналған кезі болу керек, Үндістанның ауқатты адамы өзіне алтыннан құйылған бетперде сатып алған еді. Бүкіл әлем таңдана да, таңқала да қараған беперденің иесі көп ұзамай вирустан көз жұмды. Шамасы темір бұйымында вирустың ұзақ сақталатынынан бейхабар болса керек. Жалпы вирус қалтафон мен ақшаларда төрт аптаға жуық уақыт сақталады. Айтып отырған Үндістанның өзінде вирус жұқтырғандар саны жеті миллионға жетіп әлемде АҚШ тан кейін көш бастап тұр.

Қазақстандағы ауру жұқтырғандардың жалпы саны 108984 адамға жеткен. Бұл он төртінші қазандағы көрсеткіш. Әсіресе солтүстік өңірде індет жұқтырушылар саны өршіп тұр. Бір тәулікте мұнда 12 адам індет жұқтырған. Саны жағынан Шығыс Қазақстанда 11 адам,  Алматы да 10 адамда вирус анықталған.

Қазіргі күні 2862 адамға індетке қарсы ем шаралары жүргізілуде.  Оның ішінде 88 бала бар екен.

79 адам өте ауыр халде ем алуда. Олардың 12-сі ең ауыр халде болса 12-сі ИВЛ аппаратында ем алып жатыр.

Бұл тәулік ішінде 321 індет жұқтырушы тіркелген. Ал 269 адам осы уақытта аурудан айығып шықты.

Трамп тәжалды жеңдім дейді

Әлемдік саясаткер, кәсіпкер, АҚШ-тың президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамп та  қазан айының басында вирус жұқтырған болатын. Олардың құлан таза жазылып шыққандығы жайлы ақпарат БАҚ бетерінде таралды. Трамптың айтуынша оның аурудан емделуіне бақандай 100 000 АҚШ доллары кеткен көрінеді.

Өз сөзінде ол, «Мен бұл қытайлық вирусты жеңіп шықтым.  Мен өте жоғарғы дәрежедегі ем шараларынан өтіп, сынама тесттерді де тапсырдым. Мен керемет сезімдемін»-деген еді.

Семіздікті вирус көтермейді

Денсаулық сақтаушылар вирустың семіз адамдарға жұғатынын айтуда. Жұққаны былай тұрсын, семіз адамды емдеп шығудың өзі машақаты көп жұмыс екен. Бәлкім сондықтан болар, америкалықтар бұл вирустың құрбанына көптеп айналуда. Олар әлем бойынша дене бітімі ең ірі адамдардың қатарында. Ал жастайынан ет жеп семіріп өскен қазақтың хәлі не болмақ?

Ресейлік вирус білгірлері дабыл қағуда. Семіздіктен бөлек жүрек қантамырлары ауруына шалдыққандар да вирусты жұқтыруға бейім екен. Ал бүгінгі күні Ресейде ауырғандар саны 1 298 718 ге жетіп отыр.

Біздің қазеқең тұмау болса арақ ішіп жеңуге болады деп ойлайтын. Кей жағдайларда арақтың пайдасы расында байқалатын. Десе де, вирусқа төтеп болар деп арақ ішіп жүргендер де аз емес көрінеді. Алайда, арақ ішу вирустың ниетін түкте қайтарматынын естен шығармаған жөн.

Біздің мәдениет британ халқымен ұқсас-ақ. Олар да шәйға сүт құйып ішетін көрінеді. Десе де, британдықтардың жұмысбастылыға сонша, олар ас-ауқатты мейрамханалардан ішуді жөн көреді. Өздері де интеллигент халық емес пе. Міне осы елдің мейрамханалары мен тамақтану орындарында вирустың таралуы көбеюде екен. Сондықтан британ үкіметі осы шаруалармен күресуде. Күніне мыңдаған адам ұстайтын қасық пен шанышқыдан, ыдыстардан вирус жұқпағанда қайтеді?

Қазіргі вирустың адамға сезілуі мүлде басқа. Алдымен дәм және иіс сезуінен айрылады. Артынша бұлшық еті әлсіреп, жөтел пайда болады екен. Бір жаманы, вируспен ауырғанын сезбей де қалып жататындар кездеседі. Олардың арты өлімге де әкеліп жатады.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here