ГАЗДАН БАЗ КЕШПЕСІН ДЕП

0
157

Қызылорда қаласында жетпіс мыңға жуық газ тұтынушылар бар . Ал облыста олардың саны жүз он мыңнан асады. Сондықтан, қала халқының өсуі мен тұрғындардың газ жылуына қосылуына байланысты ГРП және ШРП қысымының төмендеп, ажыратылуына алып келуде.

Осы орайда Қорқыт Ата көшесінің бойынша ГРП қуатын арттырып, қайта жандандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласында жарты шақырымдық айналма газ құбырын салу үшін 32 181 мың теңге қарастырылған. Тендерлік жұмыс бойынша жалпы сомасы 26 миллион теңгеге келісім шарт жасалды. Атқарылған жұмыстар қазан  айының соңында тәмәмдалмақ. Қазіргі таңда жұмыстың алпыс екі пайызы орындалды.

2019 жылғы инвестициялық бағдарлама бойынша Қызылорда облысы Қарауылтөбе ауылын газбен  жабдықтау жұмысының бірінші кезеңі аяқталды. Амангелді көшесі толықтай газдандырылып 110 үй газбен жылытуға қосылды. Инвестициялық бағдарлама бұл орайда толықтай орындалды.

Сондай-ақ 2020-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама негізінде биылғы жылы Қызылорда қаласында айналма газ құбырларынан ГРП-12, ГРП-28-ге дейінгі  Р=0,6 МПа жоғары қысымдық газ тасымалдаушы құбырын салу іске асырылды.

Бұл атқарылған шаруалар газ қысымының түспеуіне, апаттық жағдайдың туындамауына мүмкіндік келтірмек.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here