Ана тіліміз – қазақ тілі

0
161

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз.

Мемлекеттік тіл — аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл — қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі болып табылады. Ол — ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі.

Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадрлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Сондықтан ана тілін білмей , ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес . Ана тілін жақсы білу әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі — ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда.

Сонымен қатар, сотта жүргізілетін барлық іс –шаралар да толығымен мемлекеттік тілде өткізіледі. Барлық кіріс, шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дейді Қадір ақын. Мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеруге әр қазақтың үлесі болу керек.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Н.Жиенкожа

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here