Қызылорда: Бұқаралық спорт дамуда

0
113

Қала күніне орай ұйымдастырған шаралар онлайн форматта болсадағы өте қызықты әрі тартысты. Бұл орайда біздің өңірде тек қана мәдениет саласында болмақ  шаралардан бөлек спорттың да орны айқындала түсті.

Екі ғасырдан астам тарихы бар Сыр елінің бас шаһары Қызылорданың қала күніне орай сан түрлі спорт ойындарынан бірнеше онлайн жарыс өткізілген. Қала тұрғындарының біраз бөлігі аталмыш онлайн жарысқа қатысуға ниет білдіріп, тіпті арнайы номинациялардың иегері атанды.

Қаламыздағы Илья Ильин атындағы спорт алаңына  спортшылар мен студенттер жиналып, қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжановтың қолынан арнайы марапаттарын алды.

Спортты жанына серік еткен, белтемірге тартылудан Тұрсынбек Данияр үшінші орынды місе тұтты. Екінші орын Рамазан Әбсадыққа бұйырыпты. Ал бірінші орын Данияр Сәулембектің қоржынына  түсті.

«Мен жалпы Қызылорда медицина колледжін аяқтадым. Қазіргі таңда ақ халатты абзал жандардың қатарында қызмет етемін. «Қал күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық шараның онлайн додасына қатысып, бірінші орынға ие болдым»- деді, сайыс үздігі Данияр Сәулембек.

Допты аяғында оңай ойнатып, түрлі әдістерді көрсету арқылы жетістікке жеткен жандар да аз емес. Бірінші орын Мейіржан Әбішбекке ал екінші орын Әділбек Асылбекұлына бұйырды.

Сайысқа белсене қатысқаны үшін Алдаберген Рақымжан мен Арман Жұмаш та арнайы номинация иегерлері аталды.

Бұл жеңістерден кейін аяқ доп бәсекесінің бір тынысы бар деген ой да келеді.

Рәсімге жиналған спортшылар қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжановпен естелік суретке түсті.

Жалпы бұқаралық спортты дамытуға мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. Қала ішінде спорттық ойын алаңдарының саны әлдеқайда көбейген. Бұл оң өзгерістер дені сау ұрпақтың тәрбиеленуіне, ұзақ өмір сүруіне өз ықпалын тигізбек.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here