Сот жүйесінде IT технологиялардың дамуы

0
141
Lawyer office. Statue of Justice with scales and lawyer working on a laptop. Legal law, advice and justice concept

Сот жүйесінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жоғары деңгейде. Атап айтсақ, қазіргі таңда барлық құжаттар сотқа электронды түрде тапсырылуда.

Осыған орай, азаматтардың қолайлылығы үшін, сот жүйесіндегі заманауи технологиялардың дамуына байланысты, сот жүйесіне енгізілген «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі.

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы құжаттар беру тиімді, себебі сотқа жүгінуші тараптар сотқа келіп әуреге салынбай үйде отырып ғаламтор арқылы www.sud.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады, атап айтсақ электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті» сервисі, «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS хабарлама» сервисі «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу СALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция және «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру ақпараттық технологиялар қызметі, соттардың ахуалдық орталығы, мобильді «Сот кабинеті» өз жұмысын атқаруда.

«Smart сот» жүйесі сот отырыстарын жеке қатысуынсыз өткізуге мүмкіндік береді. Тараптар әлемнің түрлі бөліктерінде орналаса отырып, процесіне смартфон, планшет, ноутбук немесе кез келген басқа құрылғы арқылы қатыса алады.

Осылайша, сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды, соның ішінде жоғарыда аталған жобалардың енгізілуі сот процесін жеңілдетеді, бюрократтық кедергілерді жояды, азаматтардың уақытын және ақшасын үнемдейді, бюджет қаражатын үнемдейді, халық үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының бас маманы

А.Сырымбетова

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here