ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН ҚҰРСАУЫНДА…

0
178

Қызылорда қаласы бойынша өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жүргізілуде. Жылу маусымының басталуына аздаған уақыт қалды. Осы орайда Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастауымен қала орталығындағы және шет аймақтардағы тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қайтпекпіз? Бес саусақ бірдей емес, қалада әлі де пеш жағып, қатты отынды пайдаланатын үйлер жетерлік. Осы кезге дейін Жастар ресурстық орталығының  еріктілері 1384 тұрғын үйді аралап, 6596 тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Алау Газ-Аймақ» ЖШС-гі Қызылорда облысындағы филиалымен бірігіп, қала әкімдігі ұсынған тізімге байланысты аз қамтылған отбасылардың мұржаларын тазартып, арнайы қондырғы орнатылды. Және ең басты қағида, тұрғындар жылу маусымына дейін өз мұржаларын тазалап алу қажет. Бұған дейін де, отты жағып, артынша мәңгі ұйқыға кеткен жағдайлар да аз тіркелмеді.

Осы уақытқа  дейін   жеке тұрғын үй секторларында 90 өрт оқиғасы тіркелді.  Оның ішінде 25  оқиға тұрғын үйлерде орын алған. Ал 9-ы көп қабатты тұрғын үйлер мен сарайларды шарпыған. Қосымша құрылыс нысандарындадағы жағдай 18-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өрт оқиғаларынан осы маусымда 2 адам қаза тапты. Екеуі де оқушы балалар.

Осы орайда балалардың отпен ойнауы салдарынан 7 оқиға тіркелген. Ең өкініштісі электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбау жағдайларынан шығатын өрттің тиылмауы. Ал пештің алдына қаңылтыр еденнің төселуін біразы білмей жатады. Темір бұйымына шоқ түскенде өртенбейін болғандықтан міндетті түрде орнатылуы тиіс.

Жылу беру маусымында қала бойынша 5554 тұрғын үй қамтылып, 19695 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі күннің өзінде балаларын үйге құлыптап қалдыратын ата-аналарды бар екені рас. Амал бар ма? Күнелту деп, баланы асырау деп еңбек қылу жөнді. Бірақ, түтінге тұншығып, от құрсауында қалатын балалар өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін білмейді. Осы орайда кезекші сыныптардың бір тәрбие сағатын Төтенше жағдайдағы түсіндірме жұмыстарына арнау қажет. Бұл түсіндірме жұмыстары бір реттік болмауы керек. Не дегенмен, баланың ойы сан жақта, айтқаныңды ұмытып та қалуы мүмкін. Кем дегенде айына 2 рет түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру шарт.

Дамир АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here