АБАЙДЫҢ ӘР СӨЗІ – ҚАЗАҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ

0
492

Әдетте Абай бабамызды ойға алғанда ірі денелі, сақалды, тақиялы бір ер адамды  көз алдымызға елестетеміз. Оның өлеңдерін  мектеп қабырғасынан оқып, жаттап жүгенімізбен мағынасын енді ұққандаймыз. Ұлы ағартушы, қазақтың бас ақыны деп жататын Абайдың бет-бейнесін танысақ та, пәлсапасын толық зерттеп болмадық. Қартайған шағында артымнан ерген жұртқа қалсын деп  «Қара сөздерін» мұра етіп жазып кеткен. Ол ұлы емей енді кім? Абайдың атында Франция, Түркия, Әзірбайжан сынды тағы басқа елдерде көшелер мен саябақтар ашылған. Оның бізге қалдырған мұрасы, құнды деректері адамзат өмірін қиын-қыстауда тығырықтан алып шығатын бірден-бір таптырмас дүние екені мәлім.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Абай ескерткен өтірік, өсек, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақтықтан әлі күнге арыла алмай отырғанымызды жеткізуде. Абайдың құнды деректері жалпы адамзатқа ортақ дүние екені шындық.  

Сондықтан «Абайтану» пәні барлық оқу орындарында өткізілмек. Ол біз оқитын ғылымның ажырамас бір бөлігі болуы шарт. Абайды оқып, қазақты тануға болады. Оның әр идеясы адамзатқа ортақ екенін естен шығармаған абзал. Абайдың сазгерлік жолын, ақындық еңбектерін зерттеу бізбен сіздің мойнымыздағы жауапкершілік.

Президентіміздің ең жарқын бастамасы осы Абай жылы болғалы тұр. Алайда ғаламдық індет салдарынан біраз жоба кейінге шегерілген болатын. Жыл басынан бері оқушылар мен ересектер арасында жарыстар, сайыстар жанданып келеді. Бұл жылдың берер тәлімі мол болмақ. Әр жылымызды қазақтың бір ойшылына арнап отырсақ ұлттық рух, намыс мығымдала түспек.

 Сыр елі Абай бабамызға тарту ретінде қаланың орталығында орналасқан Мұрагер мектебіне атын берді. Бұл оқу орны Абайдай ғұламаларды тәрбиелеп шығатынына кәміл сенімдіміз. Онымен қатар, бірқатар ауыл атаулары ресми Абай атында. Сыр жұртшылығы хакім Абайдың мұрасын құрметтеп қастерлеуде. Облыс төңірегінде Абай атындағы 86 көше бар болса оның ең көбі Шиелі ауданында. Шиеліде 21 көше атауы Абай атында екен.

Түрлі хештегтер мен челендждер жастарды қызықтыру барысында жұмыс атқаруда. Абай бабамыз  қазақтың кітап сөресінде немесе төрінде ғана емес, әр азаматтың жүрегінде болуы шарт. Уақыт өткен сайын оның түрлі қырларын ашып, бізге беймәлім тұстары халыққа мәлім етілу қажет.

Бұдан былай Абайды демалып жүріп оқитын боламыз

Атап айтсақ, қаламыздағы Назарбаев даңғылы бойында Абай аллеясы орналасқан. Аллея бойында Абайдың барлық қара сөздері мен бейнелері қашалған. Кез-келген адам субұрқақ маңында демала отырып, өзіне рухани байлық жинай алады. Тасқа қашалған қара сөздердің бұқараға берері мол. Болашақта ойын-сауық орталықтары мен қатар білімді аллеяларды ашуды қолға алу қажет.

P.S: Абай мұрасын зерттеу келешек ұрпақ үшін ілім ғана емес адамдық пен тәрбиенің бастамасы болары анық. Өткенді терең зерттеу арқылы ғана  жарқын болашақты қамтамасыз ете аламыз. Ендеше барлық азаматтарға Абайдың жоғары дәрежеде дәріптелуін қамтамасыз ету керек екенін еске саламыз.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here