Илья Ильин спортшыларды басқарады

0
203

2020 жылдың бірінші қыркүйегінде ресми тіркелген Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысындағы филиалын басқару Илья Ильинге бұйырыпты.

Бұдан бұрын ол Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған болатын. Осы сәттен бастап Ильин қос жұмысты қатар алмақ. Ауыр зілтемірді әпсәтте көтеретін спортшыға қос жұмыс қиындық болып па?!

Туған өлкесіндегі спорттың дамуына үлес қоспақ ниетпен облыстық спортшылар одағының басшысы ретінде алғашқы жұмыс күні Шиелі өңіріне табан тіреді. Ол жақтағы дене шынықтырудың дамуы, спорт алаңдарының салынуы және салауатты өмір салтының қолжетімділігін тексермекші.

Бұндай қуанышты жаңалықпен ол әлеуметтік желісіндегі оқырмандарын бір марқайтты!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here