QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ПРАЙМЕРИЗ — КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МҮМКІНДІК?..

Автор:QAA.kz

Сен 3, 2020

Нұр Отан партиясының бастамасымен Праймериздің сайлау алды бірінші кезеңі аяқталды. Барлығы 502 үміткер ұсынылды. Алайда, 6 адам өз қателіктері салдарынан тіркеле алмады. 502 азаматтың 164-і әйел адам. Ұсынылған нәзік жандылардың 22-сі көп балалы аналар.

Сонымен қатар, жастардың тарапынан 132 адам өздерін ұсынған. Айта кетейік, праймеризге өңірімізден бір оралман және жеті ерекше қажеттіліктері бар азаматтар ұсынылған.

Алғашқыда әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу межеленсе, жастардың үлесі 20-ға жету қажет еді. Бұл орайда, біздің өңір аталған жоспардан асып түсті. Яғни, 32 пайыз әйелдер және 28 пайыз жастарды қамтып отыр.

Өңірден ұсынылған 502 адамның 109-ы Қызылорда қаласынан, Арал ауданынан – 60, Қазалы ауданынан – 68, Қармақшы ауданынан – 62, Жалағаш ауданынан – 56 адам, Сырдария ауданынан 31 адам болса, Шиелі ауданынан 61 үміткер және 55 адам Жаңақорған ауданынан ұсынылған.

Аталған 502 азаматтың 30-ы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне ұсынылып отыр. Облыстық мәслихатқа 69 адам ұсынылса, 65-і қалалық мәслихаттан ниетті. Ал 338 адам аудандық мәслихаттарды межелеуде.

Ендігі кезеңде аймақта үгіт нәсихат жұмыстары жүргізілмек. Бұған дейін үгіт барысында көшедегі баннерлерге сурет ілуге болмайтындығы жайлы айтылған болатын. Себебі, праймериз партияішілік сайлауға жатады.

Ұсынушылар Елбасының саясатын жүзеге асыруға етене атсалыспақ. Соның бірі, тәжік-ауған соғысының ардагері Марат Орынбайұлы. Өз көздеген межесіне жеткен жағдайда ардагерлердің жағдайын жасауға бағытталған іс-қимыл әрекеттеріне етене араласып, тағдырлас бауырларына жақсы жағдай жасайтынын жеткізген болатын.

Қысқаша қайырғанда, тіркелушілердің халық арасынан шығып, өзекті мәселелерді шешуі құптарлық шаруа. Сондықтан, оларға әлеуметтік лифт іспетті жағдайды ұсынып, кандидаттардан жер-жердің проблемаларын батыл қадаммен іске асыруын халық тағаттана күтеді. Өйткені, халықтың арасынан барған депутатқа бұқара мәселесі әлдеқайда мәлімірек.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *