«МҰЗ АЙДЫНЫНДАҒЫ» ЗІЛТЕМІРШІ

0
236

 Қызылорда қаласына қайта оралғалы Ильянің спорт саласында атқарып жатқан шаруасы жетерлік. Расында да, еліміздің бас қалаларында бірнеше жыл жұмыс атқарып, артынша шетелде өз жаттығу жұмыстарын жалғастырған Ильяның туған жеріне оралуы қала халқы үшін қуанышты жағдай болды. «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметінде шаруа тындырып жүрген Ильяға кейде біздің шаһар тарлық қылатындай.

Жақын арада өзінің бастамасымен бой көтерген «Илья Ильин» атындағы саябаққа барып, ойын алаңының күйін өз көзімен көріп қайтты. Алаңның қалай бой көтергендігімен ол өзінің «Инстаграм» әлеуметтік желісінде бөліскен.

2008 жылы олимпиада чемпионы атанғандықтан спортшы ретінде өзінің туған жеріне ықыласын білдірігісі келген Илья жас спортшылардың игілігіне арнап алаңқай салып берген.

« Бұрынғы уақытта мен осы алаңның тура артында тұратын едім. Ал сол жақта мен туған перзентхана. Бұл жер мен үшін өте ыстық. Мектеп оқып жүрген кезімде осы жерде достарыммен жиі футбол ойнайтынмын. Сондықтан, нақ осы жерді керемет ойын алаңына айналдырсам деген ой туды. Қуанышқа орай сол уақытта қала әкімшілігі маған жер телімін бөліп берді. Ал алаңдағы әр жаттығу құралын мен жеке өзім таңдадым»,- деді олимпиада чемпионы.

Бүгінгі күні Ильяны Қызылорданың көшелерінен кездестіру қалыпты жағдайға айналды. Әлеуметтік желіде  қала орталығымен серуендеп жүрген суретін жиі салатын болған. Бұдан бөлек, өзі басшылық етіп отқан «Мұз айдыны» спорт кешеніндегі жаңалықтармен бөлісіп отырады. Оның үстіне жақын арада мұз айдынана мұз құю жұмыстарының қолға алынғандығын сөз етті. Алдағы уақытта барлық мұзда сырғанаушыларға есігін айқара ашатын болады. Сонымен қатар, оның басшылық қызметінде алға қойған жоспары көп көрінеді. Жанкүйерлеріне бұнымен тоқтап қалмайтындығын жеткізді.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here